Біліктілікті арттыру

Заң пәндері кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор А.Ж. Әбдіжами және аға оқытушы С.И. Көпжасарова 14-27 ақпан аралығында Сүлейман Демирель атындағы университеттің біліктілікті арттыру және инновациялар орталығының ұйымдастыруымен LX: Hack the Code (Learning experience) атты 72 сағаттық Winter School-2022 тренинг-семинарына қатысты. Қысқы мектеп асинхронды форматта өтті. Бейне дәрістері мен тапсырмалары бар сессиялар Moodle платформасында өтті. Тренинг спикерлері халықаралық және қазақстандық сарапшылар болды.

       Бірінші аптада мынадай тақырыптар бойынша асинхронды сессиялар болды:

  1. Оқу үрдісінде әлеуметтік медианы енгізу (Сүлеймен Демирел атындағы университеттің “DAA English” командасының спикерлері)
  2. Оқу және оқыту үдерісін цифрландыру (Сүлеймен Демирел атындағы университеттің спикерлері: Есенбекова А., Рсалина А.)
  3. Қазақстандағы инклюзивті білім беру (Шаяхметова А., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті). )
  4. Инклюзивті білім беру: Халықаралық көзқарас (София Батт, Бирмингем Университеті-ағылшын тілінде)
  5. Оқытудың тиімді әдістері (Л. Базарбаева Сулейман Демирель атындағы университет)
  6. Шебер ұстаздың 7 ұстанымы (М. Мелдебек Сүлеймен Демирел атындағы университет)
  7. Педагог-психологтың практикалық құралдары
  8. Психология: z ұрпағының мотивациясы (А. Бодаубеков Сүлеймен Демирел атындағы университет )
  9. Оқытушыларға арналған эмоциялық интеллект (Абайдильдинова Э. Алматы Менеджмент Университеті)
  10. Білім берудегі Кайдзен (Мусаев : “Кайдзен центр”)
  11. Сіздің сабақтарыңыздағы Сторителлинг (Мұхамедкаримова А.Алматы Менеджмент Университеті).

Әр тақырыптан кейін қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындады, бейне түсірді, оқыту сайттарын құрды, эссе жазды және белсенділік көрсетті.

Екінші аптада қатысушылар хакатон және басқа асинхронды тапсырмаларды орындап, қосымша әдебиеттер оқып, мазмұны бойынша эссе жазды.

Сертификат алу шарттары бағдарлама тапсырмаларының кемінде 70% – ын орындау және хакатонға міндетті түрде қатысу болды. Хакатонға қатысу үшін барлық қатысушылар 5 адамнан тұратын топтарға бөлінді.

Оқытушылар А.Ж. Абдижами және С. И. Копжасарова барлық тапсырмаларды сәтті орындап сертификаттарға ие болды және ұйымдастырушыларға онлайн-форматта біліктілікті арттырудың ұсынылған шарттары үшін алғыс білдіреді.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/03/Aitugan-Abdizhami-sertifikat.pdf

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/03/Sagyngul-Kopzhassarova-1.pd

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.