Қазіргі фармацевтикалық қоғамдағы фармацевтің рөлі

28.03.24 ж. фармацевтикалық пәндер кафедрасында студенттер мен ПОҚ -тың ұйымдастыруымен “Қазіргі фармацевтикалық қоғамдағы фармацевт рөлі” тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.

Студенттер фармацевттің кәсіби психологиялық портретін сипаттады, бұл маманның кәсіби жарамдылығын психологиялық дайындық тұрғысынан анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген студенттер дәріханалардың жұмысымен таныс және фармацевтердің функционалдық-лауазымдық нұсқаулықтарын біледі, олар біздің қоғамдағы фармацевтің жұмысы мен рөлі туралы өз әсерлерімен бөлісті, фармацевтикалық кадрларды сапалы іріктеу және көрсетілетін фармацевтикалық қызметтердің сапасын арттыру бойынша өз идеяларын ұсынды. Барлық студенттер осы тақырыпты белсенді түрде талқылады. Ашық кураторлық сағат қызықты, танымдық атмосферада өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.