Министр Саясат Нұрбек Қарағанды университетінде жұмыс сапарымен болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 15 қазанда “Цифрлық трансформация дәуіріндегі дағдылар мен құзыреттер” тақырыбында көпшілік алдында дәріс оқыды. Іс-шара академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтті.
Министрлік басшысы қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтар мен технологиялар туралы айтты.
Біздің академияның профессорлық-педагогикалық құрамы, магистранттары мен студенттері министрдің дәрісіне қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, қызықты, танымдық дәрісі үшін алғыстарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.