Қазақстан Республикасы күніне орай академия “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбында эссе байқауын жариялайды

Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылығы мен болашағы үшін жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Конкурсқа қатысуға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары шақырылады.

Конкурс 2022 жылғы 1-15 қазан аралығында екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – ЖОО, екіншісі – республикалық.

Конкурсқа ұсынылған эсселер мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

-байқау тақырыбына сай болу:

-автордың жеке ұстанымын, өзіндік идеяларын және эссе тақырыбын қараудың стандартты емес қырларын көрсету;

– автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету.

Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін болады.

Жұмыс Word форматында, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйексөздерді, басқалардың пікірлерін пайдалану кезінде, ескертулерде мәлімдеменің дереккөзі көрсетіледі.

Эссенің титулдық бетін рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
  • тақырып;
  • автор туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта;
    Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған эсселерді конкурстың қазылар алқасы қарамауға құқылы.

2022 жылғы 15 қазаннан кеш түскен эсселер қаралмайды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.