САРАПШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жобасы аясында Қарағанды облысында тұрғын үй-жинақ және білім беру депозиттері, IPO, зейнетақы активтерін басқару және т. б. саласындағы сарапшылармен және мамандармен ақпараттық іс-шаралар сериясы өткізіледі.
Қаржылық сауаттылық – бұл тек ақша қаражатын бөлу ғана емес, сонымен қатар сәтті жұмысқа орналасуға қажетті дағдыларға ие болу.
Біз Сіздерді «Жастардың қаржы институттарында жұмысқа орналасуы үшін қандай дағдылар қажет» атты іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Кездесу 12 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.
Өтетін орны: ZOOM
Спикер ретінде өндірісте және банк секторында 10 жылдық жұмыс тәжірибесі бар басқарушылық есептілік және бизнес – процестерді баптау саласындағы сарапшы Антон Цхай сөз сөйлейді.
Қатысу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/83441602471?pwd=YXhkR3lPanloZ0haQ1J6WnJyU1Eydz09

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған