Хабарландыру!!!

“BOLASHAQ” академиясы
Қазақстан Республикасы күніне орай “Менің өлкем көркем”,”Туған өлкенің сұлулығы” Фотоконкурсын жариялайды.

Фотосуреттер бізді шабыттандырады, бізді басқа кеңістікке апарады және әлемді басқалардың көзімен көруге көмектеседі.
Біздің елімізді жаңа және күтпеген қырларынан көрсететін ең жақсы фотосуреттер байқауы.
Айналамыздағы әдемі әлемді көруге және бағалауға басқаларды шабыттандыратын фотосуреттер қабылданады.
Мақсаты-шығармашылықпен айналысатын қабілетті және талантты адамдарды анықтау; студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; белсенді өзіндік жұмысты ынталандыру;
Байқау 10 -1 8 қазан аралығында өтеді;
Байқауға 1-5 курс студенттері қатысады;
Материалдар конкурсқа жұмыстың сыртқы жағында: жұмыстың атауы, автордың аты-жөні, тобы, курсы (немесе авторлар ұжымы) көрсетіле отырып, 18 қазаннан кешіктірілмей (А4 форматы) ұсынылады. Жұмыстарды 222 кабинетке әкелуге болады.
Байқау қорытындысы 2022 жылдың 19 қазанында шығарылады .
Байқау жеңімпаздары үшін сыйлықтар беріледі.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар академияның стендінде және сайтында орналастырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.