“Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

2022 жылдың 15 желтоқсанында  Педагогика  кафедрасының эдвайзері Байбекова Венера Әлімқұлқызы ПиП-20-2, ПМНО–20-2 курс студенттерімен “Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең түсінік беру. Отанға деген сүйіспеншілікке, өз еліне, халқына қызмет етуге, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігінің үлгісіне тәрбиелеу. Ел Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында ел тарихына шолу. Тәуелсіз елдің жетістіктерімен таныстыру, білімді тереңдету.

Өткеннен алыс ештеңе жоқ, болашақтан жақын ештеңе жоқ, – дейді халық даналығы. Хандар мен қаған дәуірі ғана өткенге айналған жоқ, соңғы 31 жылдағы біздің өмір жолымыз тарихқа айналып отыр. Егер тәуелсіздіктің бастауында тұрған ұрпақ үшін тоқсаныншы жылдардың тарихы түсінікті болса, онда жаңа ұрпақ үшін сол жылдардың тарихи маңыздылығы айқын емес. Жастар үшін Тәуелсіздік-туғаннан берілгендік, тағдыр сыйы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.