Мен, Сембек Назерке, Қарағанды қаласының «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін. 23.01.2023 жылы оқу танымдық практикаға, Ұлытау облысы Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін орта мектебіне келдім. Бұнда мектеп 1976 жылы құрылған, содан бері бірнеше түлектер ұшырылды. Мектеп 11 жылдық, мектепте мұғалім саны 26, екеуі шағын орталық тәрбиешісі, біреуі даярлық сынып мұғалімі, жиырмасы жоғары білімді, алтауы арнаулы орта білімдері бар. Жоғарғы санатты бір мұғалім педагог зерттеуші, он мұғалім 3 санатты мұғалім, алтауы 2 санатты қалғаны – қатардағы мұғалімдер. Мектепте бала саны орташа. Мектеп директоры Алмағамбетов Жумагали Жолшибекович өте қарапайым кісі, жетекшім – Жолдыбаева Гүлнар Абдикаримовна екеуі мектепті толықтай таныстырып көрсетіп шықты. Әрбір қабырғада мектеп үздіктері, мұғалімдері, қоғамдық іс шараларының фоталарын көріп шықтым. Кабинетте сынып бұрышы мен ережелерімен толықтай танысып шықтым. Балалар сабақта өте зерек, алғырлық танытып шықты. Жақсы сыныпқа, жетекшіге келгеніме сенімдімін, мұғалімдер біразы өздеріне жақын тартты. Сабақ 45 минут өтті, маған ұнады, біраз нәрсе үйрендім десем де болады. Маған «5» сынып оқушылары берілді. Сыныпта негізінен 11 оқушы, оның ішінде 8 ұл, 3 қыз. Сабақ аяқталғаннан соң алдағы уақытта қандай тақырыптарды өтетінімізді талқыладық.
You may also like
Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова., С.К. Мекадилова, А.А. Есмагулованың ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай іс- шара өткізілді. “Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен […]
“Bolashaq” академиясының гуманистік педагогика орталығы“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, “Құқықтану”, “Фармация”, “Педагогика және психология” білім беру бағдарламаларының студенттері – Жампейісова Лаура , […]
Болашақ Студенттік Республикасының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде 13 желтоқсанда Bolashaq Республика атынан Студенттік өзін-өзі басқару, Студенттік Республика Үкіметі, “1%” жастар бірлестігі ұйымдастырған […]
2019 жылы 7 қарашада “Фармакогност”студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Үйірме отырысын фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр К.С.Хаштай өткізді. Жетекшісі Хаштай К. […]