“Самұрық-Қазына” қоры Қарағанды тұрғындарымен IPO мәселелері бойынша кездесу өткізді

20 қыркүйекте “Самұрық-Қазына” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК “АҚ,” Қазпошта ” АҚ өкілдері ақпараттық-түсіндіру кездесулері кампаниясы аясында Қарағанды қаласының тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті.
        Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері қатысты.

Бұл кездесуге көрермендер ретінде Bolashaq академиясының “Құқықтану” ББ 1-3 курс студенттері қатысты.
Сарапшылар тұрғындарды “Самұрық-Қазына” жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO – кандидат – “ҚазМұнайГаз “ҰК АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар IPO тетіктерін баламалы табыс көзі ретінде танысып білді. Сондай-ақ кездесуге қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.