2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 15.00-де “Bolashaq” академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру перспективалары” атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны “Bolashaq”академиясының заң пәндері кафедрасы ұйымдастырды.
Конференция барысында ғалымдар ҚР қолданыстағы заңнамасы мен сот практикасын дамытудың жалпы теориялық, әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-процессуалдық, азаматтық-құқықтық, азаматтық-процессуалдық, криминологиялық, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-атқару, қылмыстық-процессуалдық және криминалистикалық мәселелерін талқылады.
Конференцияға барлығы 40-тан астам жұмыс келіп түсті, оның ішінде 20 баяндаманы шетелдік авторлар ұсынды.
Ғылыми қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және кеңейту аясында конференцияда Ресей мен Украина қатысушыларының ғылыми баяндамаларының өкілдері болды. Сонымен қатар, Қарағандының түрлі жоғары оқу орындарының: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің,
Б. Бейсенов атындағы ІІМ Академиясының, Қарағанды экономикалық университетінің ғалымдары белсенді қатысты.
Конференцияның Ұйымдастыру комитеті ұсынылған баяндамалардың жоғары деңгейін, ғылыми зерттеулер тақырыптарының алуан түрлілігін атап өтті. Баяндама авторларының ғылыми нәтижелері жаңалығымен және өзектілігімен ерекшеленеді, және айта кетерлігі – әрі қарай ғылыми әзірлеуде маңызды қолданбалы мәнге ие болатындығы екендігінде.
Талқылауға ұсынылған конференция материалдарының тақырыптары сан алуан: кәмелетке толмаған жол қозғалысына қатысушылардың заңдық жауапкершілігі; куәгерлердің жазбаша айғақтарын зерттеу мен бағалаудың процессуалдық тәртібі; ҚР Құқық қорғау және кеден органдарындағы автоматтандырудың және ақпараттық жүйелердің инновациялық технологиялары; тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық заңнаманың эволюциясы; Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретіндегі конституциялық-құқықтық мәртебесі; адамның жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға құқығы және басқа да көптеген мәселелер.
Конференция қорытындысы соңында барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру перспективалары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін дипломдар мен грамоталар табыс етілді.