Қарағанды қаласы, “МҰРАГЕР”мамандандырылған мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы бойынша К-20-1 тобының 23.01-12.05 аралығында өтетін педагогикалық практикасы басталды. Бірінші практика аптасы 23-27 қаңтар аралығында аяқталды. Студенттер мектептің ішкі тәртібімен танысты, оларға оқушылармен алғашқы жеке жұмыс және сынып жетекшілігі берілді. Оқыту процесіне қажетті басты құжаттар дайындалып, алғашқы сабақтар өткізілді.


Осы іс-тәжірибеден үйренеріміз, көкейге түйеріміз әлі де мол боларына нық сенімдіміз. Оқушылармен қарым-қатынас жасау, барлық баланың ойлау қабілетіне назар аударып, қалайда тақырыпты тиімді, әрі түсінікті жолмен үйретуді бірінші орынға қою керектігін түсініп білдік. Практика жетекшілерімізге алғыс айтамыз.


Жұрағат Аймарал
«Bolashaq» академиясының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ
К-20-1 тобының 3-курс студенті