Психологиялық-педагогикалық практика

Біз, В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының  күндізгі бөлімінің 2 курс (К-21-1, КР-21-1) студенттері 23.01–03.02.2023ж. аралығында тұрғылықты мекенжайлары бойынша және қала мектептерінде психологиялық-педагогикалық практикадан өтудеміз.

Ең алдымен мектеп директорымен кездесіп, сыныппен және жетекшімізбен танысып алдық. Оқушылармен әртүрлі психологиялық-педагогикалық және психологиялық жұмыс істеу барысында маңызды практикалық дағдыларды қалыптастырудамыз. Берілген сыныппен тақырып талдап, түрлі тапсырмалар орындадық, әртүрлі әдістерді (сабақтарға, сынып сағаттарына қатысу кезінде бақылау жасау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, мектеп құжаттарын оқып үйрену және т.б.) қолдану негізінде пән мұғалімінің және сынып жетекшісінің әрекетін зерттеу және түсіну, сондай-ақ сыныптың педагогикалық үдерісінің жай-күйін (үлгерім, сабаққа қатысу, тәрбиелілік деңгейі, балалар ұжымының қалыптасу деңгейі) зерттеу және т.б. жұмыстарды атқарудамыз.

Практика өтілетін сыныпқа зерттеу жүргізумен, сынып жетекшісінің және пән-мұғалімінің күнделікті міндеттерімен таныстық, мектептің оқу және тәрбие қызметінің жеке жоспарларымен танысып, олардың жүзеге асырылу жолдарынан хабардар болдық. Сабақты қызықтырып өткізу үшін, ойындар ойнап, сабақты талқыладық. Осы практика барысында көп нәрсе үйреніп, білімімізді арттырамыз деген сенімдеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.