21.10.2022 ж. академияда Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл күнді ел тұрғындары 25 қазанда атап өтеді. Мерекені академия студенттері, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ұйымдастырды. Салтанатты шараның жүргізушілері Жұрағат Аймарал, Оразкенов Әмірхан болды.
Мерекеге шақырылған қонақтар: “Bolashaq” академиясының ректоры, проректорлар, сондай-ақ оқытушылар болды.
Құттықтау сөз ректорға, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысмағанбетова Гульнара Мусиевнаға берілді!
1,2,3 курс студенттері өздерінің таланттарын көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Аталған іс-шарада келесі кезеңдер бойынша конкурстардың қорытындысы шығарылды:
- 1-15 қазан аралығында біздің академияда өткен “Менің арманымдағы Қазақстан” байқауының нәтижелері жарияланды.
- 10-18 қазан аралығында өткен “Менің өлкем қандай көркем” фотобайқауының жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.
- 19 қазанда академиямызда Республика күніне арналған пікірталас турнирі өтті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.