Академияда Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу

21.10.2022 ж. академияда Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл күнді ел тұрғындары 25 қазанда атап өтеді. Мерекені академия студенттері, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ұйымдастырды. Салтанатты шараның жүргізушілері Жұрағат Аймарал, Оразкенов Әмірхан болды.

Мерекеге шақырылған қонақтар: “Bolashaq” академиясының ректоры, проректорлар, сондай-ақ оқытушылар болды.

Құттықтау сөз ректорға, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысмағанбетова Гульнара Мусиевнаға берілді!

1,2,3 курс студенттері өздерінің таланттарын көрсетіп, ән айтып, би биледі.

Аталған іс-шарада келесі кезеңдер бойынша конкурстардың қорытындысы шығарылды:

  1. 1-15 қазан аралығында біздің академияда өткен “Менің арманымдағы Қазақстан” байқауының нәтижелері жарияланды.
  2. 10-18 қазан аралығында өткен “Менің өлкем қандай көркем” фотобайқауының жүлдегерлері грамоталармен марапатталды.
  3. 19 қазанда академиямызда Республика күніне арналған пікірталас турнирі өтті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.