«Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика»

2020 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы «Қазіргі заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттары қатыса алады.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда жоспарланып отыр:

1. Конституциялық және әкімшілік заңнаманың құқықтық негіздері;

2. Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері;

3. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолданудың теориялық және тәжірибелік аспектілері;

4. Құқық қорғау қызметінің халықаралық құқықтық қатамасыз етілуі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Ұсынылған материалдар конференция жұмысы басталғанға дейін жарияланады. Мақалалар тегін жарияланады. Жинаққа ISBN беріледі.

Қатысу шарты: 2020 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей, ұйымдастыру комитетіне өтінім (өтінім үлгісі ұсынылады) мен ғылыми мақала мәтінінің электронды нұсқасын smu_apo@mail.ru электронды мекенжайына жолдау қажет.

МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

5-8 парақ көлеміндегі мақала MS Word пішімінде; өлшемі – 14; жоларалығы – 1 см.; жиек сызықтары: сол және оң жақтары – 2 см.; жоғары және төменгі жақтары – 2 см-ден. Жоғары сол жақта УДК индексін қою қажет.

Бірінші жолда – автор(-лар)дың, тегі, аты-жөні, лаузымы, шені, ғылыми дәрежесі (болған жағдайда) көрсетіледі. Келесі жолда – ұйым атауы, қала, ел атауы, автордың электронды поштасы. Орта тұсында мақаланың аты бас әріптермен, қою қара әріптермен жазылады. Астында аннотация және түйінді

сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс (Times New Roman, курсив, кегль 12).

Бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Мәтінде сурет, кесте келтіруге болады. Сілтемелер шаршы жақшаларда мәтінде қолдану реттілігі бойынша беріледі. Толық библиографиялық тізім мақала тілінде мақала аяғында келтіріледі.

Материалдар барлық талаптарға сай мұқият редакцияланған болуы қажет. Аталған конференция тақырыбына, ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін және ұйымдастыру комитетіне бекітілген мерзімнен (2020 жылғы 1 наурыздан) кешіктіріліп ұсынылған мақалалар конференция материалдарының жинағына енгізілмейді және авторға қайтарылмайды. Материалдар авторлық редакцияда жарияланады.

Жүріп-тұру, тамақтану шығындары конференция қатысушысының есебінен жүзеге асырылады.

ОРГКОМИТЕТ:

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көш., 16. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

Қосымша мәліметтер алу үшін:

1. Калмурзина Зарина Жандарбековна (тел.: +7 707 815 16 14);

2. Тапенова Асем Рыскановна (тел.: +7 7015181268)

Қосымша 1

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Автор(-лар)дың Т.Е.Ә (әрқайсысы)

Жұмыс орны(лауазымы)/оқу орны (курс)

(әрқайсысы); атағы, ғылыми дәрежесі (болған

жағдайда).

Қала, ел атауы (әрқайсысы)

Мекежайы (әрқайсысы)

Мобильный телефон (әрқайсысы)

Е-mail (әрқайсысы)

Секция атауы (бағыты)

Қатысу нысаны (ішкі/сырттай)

Мақала атауы

УДК (мына сайт https://teacode.com/online/udc/)

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.