Жас филолог – 2021

2021 жылдың 12 наурызы күні Қарағанды облыстық Білім басқармасы және «Bolashaq»академиясы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы   қашықтықтан онлайн түрде  Skype  платформасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына»  орай дәстүрлі «Жас филолог – 2021» сайысын өткізді.

Сайыстың мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен насихаттау мақсатында жастар арасында сөз өнерін насихаттау, көркемсөз өнеріне шыңдау, елінің патриоты болуға, мамандық таңдауға ықпал ету.

Сайыстың міндеттері:

 болашақ мамандықты таңдауға ынталандыру;

– жеке шығармашылық ойлау қабілетін арттыру;

– ауызша және жазбаша тілдік құзыреттілігін дамыту;

– орта білім ұйымдары мен ЖОО арасында байланысты нығайту.

Сайыс екі кезең бойынша өткізілді.

Бірінші кезең– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тақырыпта эссе жазу.

Эссе жұмысы 01.03.2021ж. дейін bolashak_kazaktili@mail.ruэл.поштасында қабылданды.

Сайыс комиссиясы жазбаша жұмыстармен танысып, келесі критерийлерді негізге ала отырып, олардың арасынан үздіктерін таңдады.

Эссе жазуға қойылатын талаптар:

  •  нақты бір мәселеге байланысты автордың жеке әсері мен түсінігін білдіруі;
  •  жаңа идея тудырып оқырманның ойлануына түрткі жасауы;
  •  жалпы стилі тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы;
  •  эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойды сол көлемге сыйдыру.

 Екінші кезең– көркемсөз (монолог) оқу шеберлігі. Екінші кезең 2021 жылы 12 наурыз күні сағат 10.00-де Skype платформасында  өткізілді.

Екінші турдың мақсаты:

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тәуелсіздік жылдарынан бергі кезеңдегі (1991-2021жж.) көркем шығармалар мен публицистикалық туындалардан үзіндіні (жатқа) монолог оқу (үзінді көлемі кемінде 300-350 сөз, уақыт ұзақтығы 2-3 минут)

Көркемсөз (монолог) оқу шеберлігіне төмендегідей талаптар ескерілді:

– дыбыс үйлесімділігі мен үндестігін ескеру;

– сөйлеу техникасы мен екпіннің болуы;

– мәнерлеп оқудағы дикцияның айқындылығы;

– кідіріс және онын түрлерінің дұрыс болуы;

 (екінші кезеңге өткен оқушыларға сілтеме алдын-ала жіберілді). Әрбір қатысушы алдын-ала үзіндінің қағаз нұсқасын bolashak_kazaktili@mail.ru эл.поштасына жіберуі міндеттелді.

Ашылу салтанатында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор  Қ.З. Сембиев    қатысушыларға ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.    

 Сайысқа Қарағанды қаласы мен Қарағанды өңірінен  барлығы 64 оқушы қатысып, бақтарын сынап көрді.

Оқушылардың бірінші кезеңде жазған жұмыстарын сарапшылар тексеріп, 16 оқушыны екінші айналымға өткізді.

  1. Төреханқызы Жаңыл
  2. Әділхан Айнұр
  3. Бекмұратова Мөлдір
  4. Ерболқызы Жұлдыз
  5. Жапан Майгүл
  6. Құрмашева Қарақат
  7. Махайн Манас
  8. Махмұт Мадина
  9. Павлик Олжас
  10. Русланқызы Фарида
  11. Рымбек Әйгерім
  12. Сайлау Назира
  13. Сайпитан Ажар
  14. Тенызбаев Марғұлан
  15. Тойғанбай Іңкәр
  16.  Айсина Асем

Екінші айналымға іріктелген оқушылар арасынан 10 қатысушы баса оза шауып, 1орынға – 1 оқушы, 2 орынға – 2 оқушы   және 3 орынға – 7 оқушы ие болды.

Пәндік олимпиада қорытындысын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,профессор  Қ.З. Сембиев хабарлады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас филолог – 2021» пәндік олимпиадасында жеңіске жеткен оқушылар:

Аты-жөніМектебіҚала немесе аудан
І орынЕрболқызы Жұлдыз№5 ЖББМ КММБалқаш қаласы
ІІ орынБекмуратова Молдир№8 гимназия Жезқазған қаласы
ІІ орынМахайн Манас№23 Тірек мектебіОсакаровка ауданы 
ІІІ орынМахмұт Мадина  Ю.А.Гагарин  мектеп-лицей Ағадыр кенті  
ІІІ орынӘділхан Айнұр№1 ЖББМПриозерск қаласы
ІІІ орынСайлау Назира№7 ОШҚаражал қаласы
ІІІ орынСайпитан Ажар №5 А.Құнанбаев мектеп-гимназиясы  Абай қаласы
ІІІ орынРусланқызы ФаридаБаршын Тірек мектебіНұра ауданы  
ІІІ орынҚұмашева Қарақат Ы.Алтынсарин Тірек мектебіШет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы
ІІІ орынАйсина Асем №31 ЖББМТеміртау қаласы

1 орын – 1 жылдық ректордың грантына – 100 % жеңілдікке;

2 орын – 1 жылдық оқудың төлем ақысына – 50 % жеңілдікке;

3 орын 1 жылдық оқудың төлем ақысына – 25 % жеңілдікке ие болды.

Сайыс сарапшылары:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі – Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы;
  • «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Ерғазы Қадашұлы;
  • Қарағанды қаласы №68 мектеп – интернатының жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағындық Иранұлы Әбілғазин;

     –   Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті – Исмайлова Райхан Налжигитовна.

Кафедра ұжымы қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаз оқушыларды және пән мұғалімдерін құттықтайды! 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.