Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ДК-20-1к тобының студенті Жаркеева Гүлдана Әділбекқызы тарихи-мәдени мұраны (археологиялық ескерткіштерді) қорғауға және осы бағытта халық арасында насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Гүлдана Әділбекқызын құттықтаймыз! Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау – әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол […]
Студенттердің жетістігі
2020 жылдың 17 қарашасында “Bolashaq” академиясында онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған “Абай әлемі” жалпыұлттық студенттік онлайн-өнер фестивалінің іріктеу турының қорытындысы мен жеңімпаздарының марапаттауы өтті. Байқаудың барлық қатысушылары диплом алады. Жеңімпаздардың жұмыстары 2020 жылдың 4-5 желтоқсанында онлайн режимінде өтетін қорытынды турға бағытталған. Дипломдардың электронды нұсқалары барлық қатысушыларға […]
2020 жылдың 12-21 қарашасы аралығында Шымкент қаласында оқ атудан республикалық жарыс өтеді. Жарысқа “Bolashaq” академиясының 1 курс студенті Молотова Елизавета Ю-20-1к тобынан қатысады. Елизаветаның есебінде көптеген медальдар мен марапаттар бар. “Bolashaq” академиясы Елизаветаға тек жеңіс тілейді! Өз студенттерімізбен мақтанамыз!
“Bolashaq” студенттік Республикасының Президенті, К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан Шәкәрімұлы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы бойынша Праймеризге қатысып, облыс бойынша ең жас кандидат болды. Сайлаудағы белсенділігі үшін Бексұлтан Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылдың 4 қарашасында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде Қарағанды қаласының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын білуге арналған дәстүрлі Олимпиада өтті. Олимпиаданың ашылу сәтінде қазылар алқасының төрағасы Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры Андрей Викторович Турлаев: “Бұл Олимпиада құқықтық тақырып мәселелерінде білімі бар белсенді студенттерді […]
2020 жылдың 7 қарашасында заң пәндері кафедрасының 4 курс студенті Уәлиев Ерасыл Ақтау қаласында аралас жекпе-жектен 25-ші NFC турнирінде рейтингтік жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – алматылық Имран Мадедов. Ерасыл қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері, ABADANNFC күресшісі. Біздің студенттің қоржынында бір жеңіс емес. Ол Қазақстанның үздік жиырма жауынгерінің қатарына кіреді. […]
Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында «Talantty jastar» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай салған дара жол» халықаралық өнер және білім байқауына қатысқан «Ұлы тұлға Абайға арнау» номинациясы бойынша Жаркеева Гульдана Адильбековна бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қоса, кәсіби ұстаз шеберлігін насихаттап көрсеткені үшін «Ұлық Ұстаз» сертификаты және […]
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенті Сакенова Аида on-line байқауына қатысты.Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан келген жастар қатысты, олар Ұлы Абайдың өлеңдерін оқыды.Сакенова Аида үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз! Сакенова Аида заняла третье место. Поздравляем с победой! Қайырлы күн құрметті оқырмандар! «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті […]
Ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев жыр арнаған «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар» жас буын қай кезеңде де болашақтың қожасы. Жастары белсенеді елдің ертеңі жарқын екені бесенеден белгілі. Жыл аясындағы шаралардың қорытындысы ретінде желтоқсан айының соңында Жастар жылының жабылу және мемлекет баасшысының бстамасымен жарияланған Еріктілер жылының ашылу рәсімі өткізілді. Мерекелік концерт […]
Қарағандыда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту” және “Ұлы даланың жеті қыры” стратегиялық маңызды мақалаларын насихаттау аясында өткізілген “Үздік бейнеблог” облыстық байқауы өтті. Ұйымдастырушы-Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. “Карлаг: память по имя будущего” жобасы аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бейнеролик көрсетілді. Біздің студенттер сол […]
“Bolashaq” академиясының студенті Мағрупжан Бексұлтан “Bilim orkeniety” Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған” XXI ғасыр көшбасшысы”халықаралық байқауының лауреаты атанды. Бексұлтан арнайы дипломмен және төс белгісімен марапатталды және “Үздік студент”академиясының мүшесі болды. Мағрупжан Бексұлтанның өмірбаяны”XXI ғасыр көшбасшысы” кітап жинағына енді.
7-8 желтоқсан күндері Қарағанды Пікірсайысшылар Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысы әкімінің кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Қарағанды облысының үздік пікірсайысшылары төрешілік жасады. Академиямыздың дебат клубының Президенті, бірнеше облыстық, республикалық пікірсайыс ойындарының жеңімпазы, Қарағанды облысы әкімі кубогының жеңімпазы Өміртаев Төребай және республикалық пікірсайыс ойындарының қатысушысы, облыстық пікірсайыс ойындарының жеңімпазы Мағрұпжан Бексұлтан […]
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан студенттерінің Альянсы ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «2019 Жастар жылы» деп жариялауы аясында 2019 жылдың 26-29 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының I-ші және Республикалық студенттердің XVI шақырылымын өткізді. Бұл шақырылымға 14 […]
2019 жылдын 21 карашасында біздің студенттер Жанабаев Данияр ИН-16-1 және Жуматаев Ерасыл тобы Ю-18-2 Мәскеу каласында Г. В. Плеханов халықаралық бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. “Студенттік өзін-өзі басқару-жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралы ретінде”атты баяндама жасады. Студенттердің ғылыми жетекшісі-“Bolashaq” академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ахметова Ботагөз Телманқызы, экономика […]
8-9 қарашада Әзірбайжанда Грэпплинг күресі бойынша Әлем Чемпионаты өтті. Оған Ин-19-2 тобының студенті, “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім беру пәнінің студенті Құсайынова Жанеля қатысты. Жанеля Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, 2-ші орынға ие болды! Құттықтаймыз!