Алтын Орда әдебиеті: елдік пен ерліктің дастаны

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10.11 – 22.11 аралығында Алтын Орданың 750 жылдығына орай сол кезеңдегі тарих, өнер, әдебиетті дәріптеу және насихаттау мақсатында «Алтын Орда әдебиеті: елдік пен ерліктің дастаны» атты республикалық ЖОО және колледж студенттері арасында поэзия мен эссе жазу шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 3 курс студенті Кабай Күннұр эссе жарысы бойынша қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Студентіміздің осындай жетістікке жетуіне кафедра меңгерушісі Қ.З.Сембиев пен аға оқытушы Бағдал Айболат жетекшілік етіп, алғыс хатпен марапатталды.

Құттықтаймыз! Жеңімпазға қаламыңыз ұштала берсін демекпіз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.