2020 жылдың 2 қарашасында онлайн режимінде «Bolashaq» академиясының студенттерімен covid-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша лекторий өтті. Әңгімені СТЖ жөніндегі проректор Б.Т.Ахметова және «Bolashaq» академиясының дәрігері С.Г Куур жүргізді. Дәріс барысында бетперде кию, карантиндік шараларды сақтау, санитарлық және алдын алу шараларын сақтау мәселелері қозғалды.
Тәрбие
«Bolashaq» академиясының түлектері өздерін өмірдің түрлі салаларында тамаша мамандар ретінде көрсетті. Олар өз салаларында кәсіби маман ретінде шыңдалып жоғары биіктерден көрінуде. Арман Қанафин – Академияның заң пәндері кафедрасының 2008 жылғы түлегі, ол Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бөлімше инспекторы лауазымында кәсіби қызметін жүзеге асыруда. Арманның қызметтік міндеттерін орындау құзыреттілігін, кәсіби қызметін атқаруын […]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді. «Bilashaq» академиясының студенттері онлайн кездесуге белсене қатысты. Бейне дәрістің кейіпкері өзінің спорттық қызметін 1991 жылы грек-рим күресі секциясынан бастаған. А.Назаров өзінің алдағы мансабы барысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді және көптеген […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды белгіледі. Жолдауда талантты оқушылардың қабілеттерін анықтау, дамытудағы басымдықтардың негізгі мазмұны атап өтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу […]
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында онлайн режимінде «Құқықтық мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат өтті. «Рухани Жанғыру» бағдарламасы бойынша «Құқықтық мәдениет» тақырыбында өткен тәрбие сағатына ДОВ-19-2 тобының студенттері: Мателова Раушан, Төлеген Айдана, Бөкен Алтан және Пмно-19-2 тобының студенттері: Анарбаева Мадина, Әбдірахманова Дильназ, Әбілхамит […]
2020 жылдың 29 қазанында «Руханият» ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК ұйымдастырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстанның Ұлы Отан соғысы […]
«Заң» республикалық басылымы заң ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Серімов Елеужан Елемесұлының «РЕФОРМА САЛАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ЖАСАЛМАЙ МА?!»мақаласын жариялады. Бұл мақалада Елеужан Елемесұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдарында жүргізіліп жатқан реформаларға түсініктеме береді. Сайттағы мақаланы оқыңыз
2020 жылдың 26 қазанында Заң пәндері кафедрасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жаңа кітаптардың талқылауы болып өтті. Аталған іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Келесі кітаптар талқыланды: 1. Эндрюс H. Азаматтық ic жүргізу: Coт өндірісі. 1-2 том: Алматы: «Ұлттық […]
Құрметті достар! Естеріңізге сала кетейік: маскалар, ең алдымен, егер сіз жөтелмесеңіз де, түшкірмесеңіз де. басқаларға ауру жұқтырмау үшін қажет. Коронавирус негізінен ауа тамшыларымен беріледі: ауа жолдарынан жұқтырған адамның тамшылары ауада, содан кейін сау адамның шырышты қабаттарында болады. Тамшылар ауада болуы үшін жұқтырған адамға түшкіру немесе жөтелудің қажеті жоқ — дем […]
2020 жылдың 7 қарашасында заң пәндері кафедрасының 4 курс студенті Уәлиев Ерасыл Ақтау қаласында аралас жекпе-жектен 25-ші NFC турнирінде рейтингтік жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы – алматылық Имран Мадедов. Ерасыл қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шебері, ABADANNFC күресшісі. Біздің студенттің қоржынында бір жеңіс емес. Ол Қазақстанның үздік жиырма жауынгерінің қатарына кіреді. […]
«Рухани жаңғыру» КЕАҚ «Қазақстандық қоғамдық даму институты» «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді. «Рухани жаңғыру» КЕАҚ Қазақстандық қоғамдық даму институты құрылымында: -Қызметінің негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын тиімді іске асыруды талдамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылатын «Рухани жаңғыру»орталығы. Орталықтың құрамына бағдарлама […]
2020 жылдың 22 қазанында Microsoft Teams платформасында онлайн режимінде «Bolashaq»академиясының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті. Пікірсайыстар өткізу жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық ұстанымын жандандыруға, мемлекетте тәртіп орнату үшін жауапкершілік сезімін дамытуға, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға, ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында Қазақстанның имиджін арттыруға, инвестициялық ахуалды […]
2020 жылдың 19 қазанында «Bolashaq» Академиясының студенттері үшін онлайн режимінде Рухани келісім күніне арналған кураторлық сағаттар өтті. 1992 жылы 18 қазанда Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен Бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өтті. Қабылданған манифесте Конгресс қатысушылары 18 қазанды Рухани келісім күні – жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий жасау күні, татуласуды […]
2020 жылғы 21 қазанда «Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде» вебинары өтті, оның спикері «Bolashaq» академиясының проректоры, ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Ботагөз Тельманқызы Ахметова болды. Вебинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру барысында мұқият зерделеуді талап ететін факторлар қаралды. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы […]
2020 жылдың 20 қазанында «Bolashaq» академиясында барлық білім беру бағдарламалары студенттерінің қатысуымен «Рухани Жаңғыру «мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша С. Г. Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулығының талқылануы өтті. Бас спикер ретінде ф.ғ. к., шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Б. […]