28 қыркүйекте аса қауіпті инфекциялар бөлімінің зертханашысы карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу үшін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде Өзбекстаннан келген студенттерге тексеру жүргізді. Сондай-ақ, «Bolashaq» академиясының дәрігері С.Г. Куур инфекциялар аурушаңдығы, инфекцияның болжамды, ықтимал және расталған жағдайы туралы соңғы деректерді егжей-тегжейлі айтып берді және аса қауіпті инфекцияларға күдік туындаған […]
Жаңалықтар
2022 жылдың 14 қыркүйегінен 28 қыркүйегіне дейін ҚР-да құтырудың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді. «Bolashaq» академиясында дәрігер С. Г. Куур студенттерге осы тақырыпта дәріс оқыды. Құтыру ауруының алдын-алу үй және қызметтік иттерді ұстауға және жануарларды тістеген адамдарды вакцинациялауға негізделген. ҚҰТЫРУ – БҰЛ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕМДЕЛМЕЙТІН АУРУ, АЛАЙДА ИММУНДАУ ОДАН ҚОРҒАЙ АЛАДЫ. […]
Зерттеудің өзектілігі соңғы жылдары нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған хабарламалардың жариялануының жиілеуіне, сондай-ақ бірқатар танымал тұлғаларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерінен туындады. Мұндай жалған лақтырулар жалған қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке теріс әсер етеді. Байланыс мәдениеті мен желілік этикет әдетте ақпараттық мәдениет ретінде анықталуы […]
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы Қарағанды облысы бойынша Әділет департаментінде адвокаттар мен нотариустарды қабылдау жөніндегі аттестаттау комиссиясының тоқсан сайынғы жұмысына қатысты.
Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы Қарағанды қаласы бойынша «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының XVIII еңбек маусымының Тазалық кубогы аясында «Eco friendly university» конкурсын өткізеді.Байқау қаламыздың ЖОО арасында өткізіледі.Байқаудың мақсаты қазіргі экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, халықтың экологиялық білімі мен экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.Конкурс жеңімпаздары «Жасыл ел» МТҚ XXVIII еңбек маусымының ресми […]
Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан «WORLD CLEANUP DAY» Дүниежүзілік акциясы аясында 24 қыркүйекте «Bolashaq» академиясының 1 курс оқытушылары мен студенттері қалалық сенбілікке қатысты. Акция қоршаған ортаның ластануы және аумақты қоқыстан тазарту арқылы осы мәселені шешу тақырыбына арналған Дүниежүзілік бастама болып табылады. Акцияның негізгі мақсаты экологиялық сауаттылықты арттыру, қоршаған ортаның ластану […]
8 қыркүйек күні сағат 12.30-да шет тілдерінің 1 курс студенттері арасында түсіндірме әңгіме өткізілді. Аға куратор М. К. Абдрешева 1 курс студенттеріне Академияның негізгі ережелерін түсіндірді. Студенттер Ар-намыс Кодексімен таныстырылды. Ин-22-1,2 «Bolashaq»Академиясының алғашқы күндері туралы өз әсерлерімен бөлісті. Ағымдағы әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.. Сонымен қатар студенттер […]
2022 жылдың 15 қыркүйегінде «Педагогика» кафедрасының ПОҚ Алексеева Е.А., Таликова Г. Т. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерімен онлайн-жиналыс өткізді. Жиналысқа «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к., доцент Д. С. Асакаева қатысып, болашақ мамандар үшін кәсіби практиканы ұйымдастырудың және өтудің мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзектілігі мен маңыздылығын […]
2022 жылдың 21 қыркүйегінде «Bolashaq» Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының I курс студенттері және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Аупенова А. У. және Айтжан Д. К. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатымен ынтымақтаса отырып және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Архив-2025» арнайы жобасымен танысу аясында «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік күніне […]
14 қыркүйек күні «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Смагулова М.С. және К-20-1 тобының студенттері Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында өткен Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер-драматург Кеңес Жұмабековтің «Рақымжанның Қасымы» пьесасын тамашалауға барды. Қойылым қазақ поэзиясының көгінде жұлдыз болып жарқырап, әсем ән болып шалқыған Қасым ақынның туған жерін […]
Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қалыптасу үсітіндегі Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің іргесін шайқалтатын, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін қатердің қатарына жатқызады. Ол үшін баршамыз осы […]
2022 жылғы 20 қыркүйекте жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Аупенова online форматында өткен «Тарих. Жад. Адамдар» атты ғылыми-практикалық тарихи конференцияда «Қарағанды облысының аумағында эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру және жұмысқа орналастыру» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: -Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі (1939-1945 жж.) Қазақстанға, Орталық Азияның […]
2022 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы мен “BTS Edukation” ЖШС-нің ұйымдастыруымен ToU-да (“Торайғыров университет” КЕАҚ) жалпы республикалық брейншторминг өтті. Республикалық ашық әдіснамалық семинар “Білімді ұлт “сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді, спикерлер ретінде Павлодар облысы “Атамекен “ҰКП Төрағасы С.Т. Садвокасов; университеттің Ланкастер […]
20 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК «АҚ,» Қазпошта » АҚ өкілдері ақпараттық-түсіндіру кездесулері кампаниясы аясында Қарағанды қаласының тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. Іс-шараға қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE қор биржаларының өкілдері қатысты. Бұл кездесуге көрермендер ретінде Bolashaq академиясының «Құқықтану» ББ 1-3 курс студенттері қатысты.Сарапшылар тұрғындарды «Самұрық-Қазына» жекешелендіру бағдарламасының және […]
Достар! 23 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарағанды музыкалық комедиясы алаңында баршаңызды «KitapTime-2022″атты тұңғыш жалпыреспубликалық кітап фестивалінің ашылуында күтеміз! Фестиваль аясында: «Білімнің бас құрылымы – КІТАП»: Ахмет Байтұрсынов қонақтарды қарсы алады; «Мені өзіңмен бірге алып жүр» – кітап сатып алу; *»Оқыңыз!»- Әдеби киіз үйлер; *BookCrossing; Тек сіз үшін «Алты сенсорлық нүкте» […]