Студенттерге қызмет көрсету орталығы

Студенттерге қызмет көрсету орталығының мақсаты:

Студенттерге қызмет көрсету орталығының басты мақсаты студенттерге көрсетілетін қызметтің мәдениеті мен сапасын арттыру бағытында жұмыс істеп, бір терезе қағидасы бойынша уақтылы және тиімді қызмет көрсетуге жағдай жасау болып табылады.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының міндеттері:

Студенттерге уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

Студенттердің сұранысы бойынша толық ақпарат беру;

Оқушыларға көрсетілетін қызметтердің мәдениеті мен сапасын арттыру;

Студенттерге академиялық мәселелерде қолдау көрсету.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының функциялары:

1) студенттерді қайта қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару туралы өтініштерді қабылдау және тіркеу;

2) өтініштерді қарау және өңдеу;

3) құжаттарды рәсімдеудің барлық түрлеріне өтініштерді қабылдау және тіркеу (ЗТЖМО

анықтамалар, военкоматқа, оқу орнынан, төлемақы бойынша, өтініштер);

анықтамалар, военкоматқа, оқу орнынан, төлемақы бойынша, өтініштер);

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;

5) студенттердің жеке құрамы бойынша бұйрықтарды дайындау және шығару;

6) академияда оқудың барлық кезеңінде студенттердің жеке істерін жүргізу және сақталуын бақылау;

7) студенттер контингентін академия бөлімдерімен салыстыру;

8) студенттердің басым санаттарын (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетімдердің, оқитын мүгедектердің) есепке алу;

9) студенттердің электрондық дерекқорын жүргізу және түзету;

10) білім алушыларға (сұрау бойынша) белгіленген үлгідегі анықтама беру;

11) дипломдар мен телнұсқаларды атаулы беруді тіркеу кітабын жүргізу;

12) жеке істерді кейіннен сақтауға және пайдалануға дайындау;

13) істерді академия мұрағатына тапсыру;

14) қалалық статистикалық басқармасына 3-НК нысан бойынша статистикалық есепті және де басқа есептерді ҚР ҒжЖБМ дайындау және ұсыну;

15) академияның СМЖ қағидаларын меңгеру;

16) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдiк студенттердiң, тыңдаушылар мен қонақтардың тұрақты және уақытша тiркелуiн (мемлекеттiк шекарадан өту ережелерiне сәйкес) есепке алуды бақылау және оқу визаларын (мерзiмдерi бойынша) алуға жәрдемдесу;

17) Орталыққа өтініш білдірген кезде студенттерге ақпараттық көмек көрсету;

18) Орталық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс;

19) Академия басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Омирзакова Ардак Омирзаковна

Студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы

Мекен-жайы: 100008 Казахстан, Караганда, ул.Ерубаева, 16,107 каб.
Байланыс телефоны: 420425 (ішкі 012), 


Жұмыс кестесі: дс.-жм. 08.30-17.30