Bolashaq Академиясында болашақ педагогтерді даярлаудың басым бағыттарының бірі – инклюзивті білім беру. Бұл қазіргі білім беру жүйесінде педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерін жиі қолдануына тура келетіндігімен байланысты.
Түрлі білім беру бағдарламаларының студенттерін оқу сабақтарында кездесетін нақты жағдайларға қалай дайындауға болады? Осы мақсатта студенттерге оқу барысында практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда.
Бірінші семестрде «Арнайы психология» пәні аясында ПИББ орталығының жетекшісі, доцент Абдрахманова Алуа Сабитовна ДОВ-24-1к тобының студенттеріне зияткерлік бұзылыстары және аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бар балалардың ерекшеліктері туралы теориялық білім берумен қатар, №6 арнайы мектеп-интернатының базасында таныстыру сабақтарын ұйымдастырды.


Bolashaq Академиясы мен Қарағанды облысы білім басқармасының №6 арнайы мектеп-интернаты арасындағы ынтымақтастық аясында экскурсиялар, сондай-ақ осындай балалармен жұмыс істеу бойынша тәжірибелерімен және әдістемелік әзірлемелерімен бөлісетін педагогтермен және психологтермен кездесулер өткізіледі.
Осындай сабақтардың бірінде студенттер мектептің жалпы жұмысымен танысып, зияткерлік бұзылыстары бар балаларға арналған сабақтарға қатысты. Сонымен қатар тәрбиеленушілердің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шеберханалардың жұмысымен танысты.
Студенттер өздерінің болашақ кәсіби қызметінде қолдану үшін кейбір көрнекі материалдар мен аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеу әдістерін атап өтіп, тәжірибе қоржынына жинақтады. Себебі мұндай балалар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті топтардың тәрбиеленушілері қатарында жиі кездеседі.
Алдағы уақытта Психологиялық қолдау және инклюзивті білім беру орталығы осы бағыттағы жұмысын барлық педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттерімен жалғастыратын болады.