Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде «Қайғылы қаңтардың» тағылымы: қоғам бірлігі – тәуелсіздік кепілі» деп атады. Осы орайда ел Президенті Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мемлекетіміздің дамуындағы аса күрделі де қауіпті кезеңге тап болғанымызды атап өтті. Біз конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс […]
Академия "Bolashaq"
Қымбатты отандастар! Біздің еліміз бүгінде күрделі кезеңдерді бастан өткізуде. Бүкіл елімізбен бірге біз әскери және құқық қорғау органдарының лаңкестердің қолынан қаза тапқаны үшін қайғырамыз. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен біздің өңіріміздің тұрғындарына қажетті ақпараттық және консультациялық көмек көрсету үшін қоғамдық штаб […]
2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видео байланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрі ретінде Смайлов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, Әлихан Асханұлы ҚР Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмаларды […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2022 жылдың 10-қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терористердің шабуылына тойтарыс беру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери-қызметшілер қарулы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты.Олар батырлық пен ерлік […]
24 желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «КММ ұйымдастырумен «UPGRADE» жастар фестивалі өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аталмыш іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан Қожахметов Марлен қатысты. Фестиваль Word cafe форматтарында өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиында 2021 жылдың іс-шаралары қорытындыланып, Қарағанды […]
14 желтоқсан күні «Bolashaq» академиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай академия ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы студенттер мен оқытушыларға құттықтау лебізін білдірді. Мереке қарсаңында академиямыздың бірқатар профессор-оқытушылары төл белгі, Құрмет грамоталары, алғысхаттармен марапатталды. Атап өткенде, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры Құрманғазы […]
«Bolashaq» академиясында 6-шы желтоқсан күні “16-желтоқсан -жастар рухы және Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман” атты саяси сабақ өткізілді. Іс шараны жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Саттарова Фарида Фаттаховна өткізді.Ашық сабаққа академия оқытушылары мен студенттер қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай […]
2021 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» академиясы білім ордасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарымен бекітілген «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс шараны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Н.Т. Ахметова өткізді. Іс-шара орыс тілді студенттер білім алушылар […]
2021 жылдың 10-желтоқсанында Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Мекадилова Самал Кемелбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата -бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз […]
2021 жылдың 9-10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі және Оңтүстік- Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Пленарлық мәжілісте ФМ18-3 тобының студенті Хамитова Айбану «Созылмалы жөтелге қарсы биологиялық […]
ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жарлығымен «Bolashaq» академиясының түлегі, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ораз Абай Амангелдіұлы «Шапағат» медалімен марапаттады. Абай Амангелдіұлы сізді шын жүректен құттықтаймыз және марапатыңыз құтты болсын, осындай биік шыңдардан көріне беріңіз дегіміз келеді.