18.02.22 ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттер арасында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Д.Б. Нұртаеваның жетекшілігімен «Мамандығым – мақтанышым» атты кездесу өтті. Кездесуге Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы орталығының басшысы з.ғ.к., доцент Е.Е. Серімов шақырылды. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты студенттердің таңдаған мамандығы бойынша өз пікірін қалыптастыру, ойын еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу болды. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр […]
Академия "Bolashaq"
17.02.2022 жылы 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 1 курс студентеріне оқу (танымдық) практиканың, 2 курс студентеріне психологиялық-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Практика елімізде болған төтенше жағдайға байланысты ауылдық жерде тұратын студенттерге […]
2022 жылдың ақпан айының 12 – шы жұлдызында «Психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы ZOOM платформасында online форматта Қарағанды қаласындағы № 23 ЖББ мектебінде бастауыш сынып бірлестігі филиалында «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өткізудегі мақсаты: осы іс-шара арқылы кафедраның оқытушы […]
Құрметті Қарағандылықтар! Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы сіздерді қалалық бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады, оған жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, […]
2022 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Bolashaq» Академиясымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толыққанды мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиев Бақыт Молдатьяұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Криминалистикалық және қылмыстық-процестік […]
Академиямыздың білім беру өрісі кеңейе түсуде. Жуырда Қашықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы Сағыныш Исмагулов Түркия Республикасының Кония қаласында орналасқан Селджук (Селчук) университетімен байланыс орнатып, білім беру саласында әріптестік бойынша келісімшарт жасауға атсалысты. Екіжақ тараптары – ректорлары қол қойған бұл келісімшартта оқу бағыттарының түгелі дерлік қамтылған. Нақтырақ айтсақ, онда оқу, […]
2022 жылғы 2 «Bolashaq» академиясының студенттері ZOOM платформасында «Діни экстремизм, терроризм және олардың салдары» тақырыбында Қарағанды облысы Дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру және талдау орталығының басшысы Далабаева Гульнар Бакеновнамен онлайн-кездесуі өткізді. Кездесу барысында теолог-маман студенттерге жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін түсіндіріп берді. Одан бөлек, діни сауаттылықтың төмендігі жастардың […]
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақ тілін оқыту курстарын алдыңғы қатарлы білім беру платформаларына енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында халықтың қазақ тілін өз бетінше үйренуіне арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz» тәрізді тиімді бағдарламалар жұмыс істейді. «Tilqural.kz» (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша қазақ тілін оқыту) электронды порталының […]
«Bolashaq» академиясы студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына орай «Ахмет оқулары» атты онлайн мәнерлеп өлең оқу сайысы өткізіледі. Мақсаты: Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен дәріптеу. БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ : Байқауға қатысу үшін үміткерге қойылатын талаптар: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу; Бейнероликтің басында студенттің […]
Инкубаторға қатысу үшін сізге қажет болады: * IT – мен байланысты бизнес идеясы; *кем дегенде екі адамнан тұратын команда. ⠀ Қатысушылардың дайындығы: Прототип әзірлеу; Сатуды іске қосу. ⠀ Инкубаторда қатысушылардың орындайтын жұмыстары: Жеке ментормен жұмыс жасау: ментор жобаның жұмыс моделін құруға көмектеседі; Білім мен дағдылар: сен «осы жерде және қазір» […]
Қарағанды өңірінде медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен білім беру мекемелерінің оқытушылары мен қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті және күш құрылымдарының қызметкерлеріне COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация жүргізіліп жатыр. 14 қаңтар күні Bolashaq академиясының оқытушылары мен қызметкерлері Clinic Miras емханасында ревакцинация жасады. Медицина мамандарының айтуынша, ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті […]
Қаңтар айының басында «Еуропалық құқық пен Еуропа Кеңесі құқығының өзекті мәселелері» атты студенттік конференцияның қорытындысы шығарылды. Аталмыш іс-шара Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты және еуропалық оқу институтының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-24 желтоқсан айы аралығында онлайн-форматта өткен болатын. Конференция барысында студенттер өзекті баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, модераторлар дәріс оқыған болатын. Ресей […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде «Қайғылы қаңтардың» тағылымы: қоғам бірлігі – тәуелсіздік кепілі» деп атады. Осы орайда ел Президенті Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мемлекетіміздің дамуындағы аса күрделі де қауіпті кезеңге тап болғанымызды атап өтті. Біз конституциялық құрылысқа нұқсан келтіріп, мемлекеттік төңкеріс […]
Қымбатты отандастар! Біздің еліміз бүгінде күрделі кезеңдерді бастан өткізуде. Бүкіл елімізбен бірге біз әскери және құқық қорғау органдарының лаңкестердің қолынан қаза тапқаны үшін қайғырамыз. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қарағанды облысының Азаматтық Альянсының бастамасымен біздің өңіріміздің тұрғындарына қажетті ақпараттық және консультациялық көмек көрсету үшін қоғамдық штаб […]