2021 жылғы 3-ші ақпанда «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту» кафедрасы ZOOM платформасында Қарағанды облысы және қаласы орта мектептері, лицей, гимназияларының 11 сынып оқушылары арасында «Жаңа форматтағы болашақ педагог» онлайн – байқауының қорытындысын өткізді Байқауды өткізудегі мақсат: жастар арасында педагогикалық мамандықтардың беделін көтеруге мүмкіндік туғызу және гуманитарлы білімді насихаттау, әсіресе «Мектепке […]
Академия "Bolashaq"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда. Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының […]
2-ақпан күні сағат 14.30 – да «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттері арасында онлайн скайп алаңында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде ашық кураторлық сағат өтті. Тақырып аясында студенттер өзара пікірталастырып, «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздіктің басты құндылықтары», «Қазақстандық жол – 2050: ортақ мақсат, ортақ […]
2021 жылдың 28 қаңтарында «Bolashaq» академиясының мәжіліс залында Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының түлектерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесуді Академия ректоры, профессор Қ.Н. Меңлібаев басқарды. Біздің түлектеріміз өзінің кәсіби қызметін түрлі салаларда, соның ішінде білім беруде жүзеге асырады. Кездесуге жалпы білім беру мекемелерінің директорлары да қатысты, мектеп оқушыларымен өткізілетін […]
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2020 жылы 4-5 желтоқсанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі онлайн режимінде өткізілді. […]
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенділік танытып, әлеуметтік рухани маңызы бар қоғамдық істерді ұйымдастырып, өз қатарында көшбасшылық қасиеттерін көрсете білгені үшін Мағрұпжан Бексұлтан Қарағанды облысы рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұловтың алғыс хатымен марапатталды.
2020 жылдың 25 желтоқсаны күні қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның ішінен құрылған «Аналар мектебінде» аяулы ана, асыл жар, құрметті де қадірлі ұстаз, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінің профессоры, доцент, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісінің үздігі, сонау 1964 жылы педиатрия мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік Медицина Институтын қызыл дипломмен бітіргеннен бері ширек […]
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар!«Bolashaq» академиясы 2021 жылдың 26 ақпанында студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) «Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері»атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.Конференция келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы заңнамасының даму перспективалары;Қаржы жүйесінің проблемалары және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;Ұлттық экономика;Дамып келе жатқан тұлғаның психологиялық-педагогикалық аспектілері;Тәрбие, […]
Өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбындағы дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті. «Bolashaq»академиясының студенттері аталған іс-шараға белсене қатысты. Сәкен Сейфуллин – мемлекеттік және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының елдігін сақтап қалуы […]
2020 жылдың 10 желтоқсаны күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы Теміртау қаласының «№2 ЖББОМ» КММ ұжымы ұйымдастырған тікелей эфирдегі «Өнегелі өмір жобасы «Дана тұлғалардың дара жолы» атты сыр-сұхбатта «қонақ» болып қайтты. Zoom платформасында өткен сұхбаттасуда 8 «А» сынып оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, болашақ […]
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10.11 – 22.11 аралығында Алтын Орданың 750 жылдығына орай сол кезеңдегі тарих, өнер, әдебиетті дәріптеу және насихаттау мақсатында «Алтын Орда әдебиеті: елдік пен ерліктің дастаны» атты республикалық ЖОО және колледж студенттері арасында поэзия мен эссе жазу шығармашылық байқауы […]
2020 жылғы 2-желтоқсанда «Bolashaq» академиясының студенттері, кафедра меңгерушілері мен оқу үдерісін ұйымдастыруға жауапты бөлім басшыларының онлайн режимде ректормен кездесуі өткізілді. Ректор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев сутуденттерге қарата айтқан өз сөзінде бұл кездесудің мақсаты алдағы қысқы сессияның өтілу барысы жөнін тағы пысықтай түсу екенін ескертті. Студенттердің алдында ІТ-бөлімінің басшысы прокторинг туралы кеңінен […]
«Bolashaq» студенттік Республикасының Президенті, К-17-1 тобының студенті Мағрұпжан Бексұлтан Шәкәрімұлы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы бойынша Праймеризге қатысып, облыс бойынша ең жас кандидат болды. Сайлаудағы белсенділігі үшін Бексұлтан Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен марапатталды.