Ректордың студенттермен қысқы сессия бойынша кездесуі

2020 жылғы 2-желтоқсанда «Bolashaq» академиясының студенттері, кафедра меңгерушілері мен оқу үдерісін ұйымдастыруға жауапты бөлім басшыларының онлайн режимде ректормен кездесуі өткізілді. Ректор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев сутуденттерге қарата айтқан өз сөзінде бұл кездесудің мақсаты алдағы қысқы сессияның өтілу барысы жөнін тағы пысықтай түсу екенін ескертті. Студенттердің алдында ІТ-бөлімінің басшысы прокторинг туралы кеңінен түсініктеме беріп өтті.

Бұл студенттермен өткізілген бірінші кездесу емес, күзгі семестр бойына қашықтан оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бөлім басшыларының қатысуымен өткен бұл кездесулерде әртүрлі мәселелер қарастырылып отырды.

Кездесулер барысында студенттердің сұрақтарына оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ұ.Т. Киреева, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы С.Б. Бекжанова, Тіркеу бөлімінің басшысы Б.Б. Бекбашева, Қашықтан оқыту технологиялары орталығының басшысы М.Б. Аубакирова, ІТ-бөлімінің басшысы А.А. Шлюпиков жауап берді.

Сессияның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты қосымша шаралар жөні де кеңінен талқыланды:

– студенттер арасында емтихан кезінде техникалық ақаулар болған жағдайда жедел жауап беру үшін call-орталықтың қызметі іске қосылды;

– сессия кезінде студенттер үшін web-камералар қосымша сатып алынды;

– жатақханада дайындалған компьютерлік сыныптарда сессияны қолайлы тапсыру үшін студенттердің жатақханада ақысыз тұруы қамтамасыз етіліп, онда қажетті санитарлық нормалар қадағаланды;-

– -жекеленген студенттер үшін тұрғылықты мектептер басшылығынан олардың базаларында емтихан тапсыруға мүмкіндік беретін рұқсат алынды;

– прокторинг бойынша нұсқамалықтар дайындалып өткізілді. Прокторинг бойынша нұсқаулық үш тілде дайындалып Moodl платформасына салынды.

Ректор өз сөзін : «Сіздердің емтихан сессиясын алаңсыз тапсыруларыңыз үшін осындай іс-шараларды өткізіп жүрміз, қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып, сіздердің мүдделеріңіз үшін барлық жағдайды жасап отырмыз», дей келіп тұжырымдады.

Кездесу нәтижесінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына  толық жауап алғаны үшін қанағаттанғанын айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.