“Уақыт таңдауы”: Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің премьерасы

2020 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаевке арналған жаңа деректі фильм шықты.

Қоюшы режиссері-Сәуле Көмекбаева.

“Bolashaq” Академиясының студенттері мен профессорлық – оқытушылық құрамы онлайн режимінде Skype платформасында фильм көруді ұйымдастырды.

Кураторлармен және эдвайзерлермен бірге фильмнің негізгі тұстары талқыланды.

Фильмнің премьерасы “Хабар”телеарнасында өтті.

Таспа “Уақыт таңдаған” деп аталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильмнің авторы-ресейлік жазушы, публицист, журналист Леонид Млечин. Фильмді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені түсірді.
Қоюшы режиссері-Сәуле Көмекбаева. Көрсетілу ұзақтығы-37 минут.
“Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жасағандардың қатарында. Нұрсұлтан Назарбаев-реформатор”, – деп есептейді фильм авторлары.
Фильм кең аудиторияға арналған. Сценарий автордың ” Назарбаев. Президентпен топтық портрет” (“Шығыс-Батыс” баспасы, 2010 жыл) кітабы бойынша жазылған.
Фильмде Қазақстан Президентінің “Мазасыз жастар туралы ән” атты эпизоды келтіріледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.