ІІ Халықаралық конгресс

Профессор Жұмаділова Нұршат Төлеуғалиевна Анкара қаласында 15-17 қараша аралығында Гази университеті (Түркия), Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті (Ресей) және Қожа Ахмет Йассауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университетінің (Қазақстан) ұйымдастыруымен өтіп жатқан Түркия-Ресей академиялық зерттеулері бойынша ІІ Халықаралық конгреске (UTRAK 2019) қатысуда.

Конгреске Австрия, Мажарстан, Косово, Ресей, Қазақстан, Татарстан, Азербайжан, Қырғызстан, Босния, Словения және т.б. мемлекеттерден ғалымдар қатысты.

Профессор Жұмаділова Н.Т. «Türk Tasavvufunun Kazakistan’daki Fetret Devri» тақырыбында түрік тілінде баяндама жасап, тасаууф әдебиетінің тарихына және Қазақстандағы салафизм теріс діни ағымына қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Мәулана Жәлаладдин Румидің философиялық еңбектерін қазақшаға аударғанын және оның кітап болып шығатындығы жайлы айтып өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.