“Bolashaq” Академиясы – Республикалық “Жаңару” қоғамдық ұйымының филиалы

«Bolashaq» академиясы – Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерін, көрнекті ғалымдар мен шығармашылық кәсіптердің тұлғаларын тарту орталығы. Бұл жолы болашақтықтарға еліміздің қазіргі заман тарихының аса маңызды өкілі, саясат аренасында беделді, ҚР Парламенті Сенатының консультативтік кеңесінің толық мүшесі, «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, экссенатор, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің экс-төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов қонақ болып келді. Ол баршамызға ҚР Президенті Әкімшілігінің екінші басшысы (1996-1997 жж.,), ҚР Парламенті Сенатының екінші спикері (1999-2004 жж.,), ҚР бесінші Мемлекеттік хатшысы (2004-2007 жж.) ретінде танымал. Оралбай Әбдікәрімұлы – Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінің тумасы. Біздің жерлесіміз.

Академия қабырғасында өткен іскерлік кездесу болашақтықтардың алдында қызметтің жаңа көкжиектері мен жоғары имидждік перспективаларды ашады. Академия базасында «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы құрылады. Оның миссиясы — Қарағанды облысының тұрғындары арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

Бақытжамал Бектұрғанова, “Bolashaq” академиясы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.