2021 жылдың 18 ақпанында “Bolashaq” академиясының “Қаржы” кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары, лицейлер, гимназиялар мен колледж түлектері арасында “Жас қаржыгер – 2021” облыстық байқауының екінші турын өткізді.. Байқаудың мақсаттары: облыстың оқу орындарымен байланыс және жемісті ынтымақтастық орнату жоспарында Академия қызметінің саласын […]
Monthly Archives: Ақпан 2021
2021 жылғы 24 ақпанда “Bolashaq” Академиясының “Руханият” ҒЗО директоры, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі А.У. Аупенова Қарағанды техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ZOOM форматында ұйымдастырған “Бір шаңырақ астында” Алғыс айту күніне арналған аймақтық дөңгелек үстелдің спикері болып сөз сөйледі. “Қазақстан халқы Ассамблеясы – халық өкілдігі жүйесіндегі өзіндік институт” […]
Құрметті достар! “Bolashaq” академиясының оқытушылары, қызметкерлері, студенттері арасында жыл сайынғы дәстүрлі “Екі жұлдыз-2021″байқауының басталғаны туралы хабарлаймыз. Музыкалық нөмірлердің тақырыбы: “Тәуелсіз Қазақстанның хиттері”. Жобаның мақсаты-студенттер мен қызметкерлер арасында таланттарды анықтау және қолдау, академия студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері арасында корпоративтік рухты нығайту. Конкурс онлайн режимінде https://www.instagram.com/academy_bolashaq/ парақшасында өткізіледі Біздің университетіміздің таланттарын қолдау […]
Сіздерді студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың (халықаралық қатысумен) “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты республикалық ғылыми – практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Құрметті конференция қатысушысы!“Bolashaq “Академиясы” ЖМ Сіздерді жоспарланған конференцияға шақырады: Zoom.Тақырыбы: “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция (Халықаралық қатысумен)»Уақыты: 2021 жылғы 26 ақпан […]
Құрметті әріптестер! 3 наурызда сағат 16.00-де ZOOM-да “Bolashaq” академиясының антитеррористік жоспарына сәйкес Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің терроризмге қарсы орталығының сарапшысы ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамына, қызметкерлеріне оқыту өткізеді. Қатысуға шақырамыз. Қосылу сілтемесі кейінірек көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті. «Қараңғы […]
Қазақстан- көп этникалық ел, оның саяси тұрақтылығының негізі — этносаралық келісім. Қазақстан жері ертеден 130-дан астам этнос өкілдерінің шаңырағына айналды. Бұған әртүрлі себептер ықпал етті: тарихи, саяси, әлеуметтік. Бірнеше ғасыр бұрын қазақ даласында еркін адамдар пайда бола бастады. Мұнда Ресей шаруалары қоныстанды, олар бос жерлерді іздеді, казактар Ресей империясының шекараларын […]
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының № 134 жалпы білім беретін мектебінің әкімшілігі мен ұжымы Ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысқаны және көмек көрсеткені үшін “Bolashaq” Академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Майра Балиевна Шащановаға алғыс білдіреді. АЛҒЫС ХАТ Қарағанды облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік дамыту орталығының ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы, Октябрь ауданының Көкбекті бекетінде орналасқан […]
2021 жылы қазақстандық оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңаша тапсырады. Мектептің бас емтиханы электронды түрде өтуден бөлек, түлектерге өз сәттіліктерін екі рет сынап көруге мүмкіндік беріледі. Мазмұны бойынша бәрі бұрынғыдай, бірақ формат өзгереді. Егер бұрын оқушы партаға отырса және оған қағаз нұсқасы мен жауап парағы берілсе, енді тест электронды форматта компьютерде […]
Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылының орта мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Самарқанд орта мектебі Оқушылармен кездесу барысында “Bolashaq”академиясы жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары туралы айтылды. Самарқанд орта мектебінің 11 «А» сыныбы Педагогика және психология мамандығы туралы кәсіптік бағдар жүргізілді
“Bolashaq” академиясы біздің түлектерімізге өздерінің Alma Mater мекен-жайына жіберетін жылы сөздері үшін алғыс білдіреді. Мен, Тапакова Вилора Башкировна, Қарағанды Болашақ академиясының 2011-2013 ж.ж. құқықтану мамандығы магистратурасын бітірген түлегімін. Жуырда жолым түсіп өз академияма бардым. Бізді білім нәрімен сусындатқан, біз үшін табан ақы, маңдай терін төккен ұстаздарымызды көрудің өзі бір ғанибет […]
Қазақстанда 2021 жылдың 1 ақпанында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды. Профилактикалық егуді жүргізудің мақсаты инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу болып табылады. Иммундау-бұл адамның иммунитетін алатын вакцинаны енгізу арқылы ағзаның белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы иммунитетін қалыптастыру процесі. Егу жүргізу тәртібі Науқасқа дәрігер вакцинацияның қажеттілігін түсіндіріп, төмендегіше […]
Тестілеу нәтижелері бойынша 2021 жылғы 26 ақпанда өтетін 2-ші турға келесі қатысушылар өтті: Биология пәнінің мемлекеттік тілде оқытылуы бойынша: Берікұлы Әбілқайыр (67 бет) – “№23 Тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ, Қарағанды қаласы Сейфуллина Наргиза (65 б.) – «Ә.Бөкейханов атындағы ЖББМ» КММ, Нұра ауданы, Заречное ауылы Серикова Алина (59 б.) – […]
2021 жылғы 16 ақпанда “Bolashaq” академиясының ректоры профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және “Sanaly urpaq” жобасын іске асыру” тақырыбында тікелей эфирде спикер болды. ЖОО басшысының сөзін “Bolashaq”академиясының әріптестері қолдай отырып, өз пікірлерін білдірді. М.Хамзин, академия профессоры, филология ғылымдарының докторы: […]
2021 жылдың 19 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп химия және биология пәндері бойынша оқушыларға арналған жыл сайынғы облыстық Олимпиада өткізеді. Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 50 өтінім және химия бойынша 35 өтінім берілді. Олимпиада мемлекеттік және орыс […]