Химия және биология пәндері бойынша облыстық олимпиаданың I кезеңі

2021 жылдың 19 ақпанында “Bolashaq” академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп химия және биология пәндері бойынша оқушыларға арналған жыл сайынғы облыстық Олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 50 өтінім және химия бойынша 35 өтінім берілді. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушылары үшін өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты-болашақ мектеп түлектеріне мамандық таңдауда және кәсіби бағдарлануда белсенді түрде көмек көрсету, химия және биология саласында кең білімі бар қабілетті оқушыларды анықтау.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.

1 – ші тур-тестілеу 2021 жылдың 19 ақпанында “Bolashaq” академиясының интернет-ресурстары негізінде Moodle платформасында өткізіледі.

2-ші тур – 2021 жылдың 26 ақпанында сағат 14.00-де ZOOM бейнеконференция бағдарламасында өтеді.

Екінші турда екінші турға өткен Олимпиада қатысушыларына биология пәні бойынша “Биологиядағы инноватика” тақырыбында, химия пәні бойынша “Химиядағы инновациялық жаңалықтар” тақырыбында баяндама-презентация жасау ұсынылады.

Әр пән бойынша олимпиада жеңімпаздарын конкурстық комиссия анықтайды.

Нәтижелер “Bolashaq”академиясының сайтында жарияланады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.