Қарағанды облысының прокуратурасында Ашық есіктер күні

2023 жылғы 28 қарашада 6В04201-“Құқықтану” Білім беру бағдарламасы бойынша Ю-21-1, 2, Ю-20 – 2 топтарының студенттері прокуратура органдарының кәсіби мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының прокуратурасында Ашық есіктер күніне қатысты.

Іс-шараның мақсаты – болашақ заңгерлерге кәсіби қызмет пен жұмыс орнын таңдауда көмек көрсету, Отанға қызмет етуді, Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде құқық қорғау қызметінің тартымдылығы мен беделін насихаттау.

Кездесу барысында студенттер прокуратура органдарының қалыптасу және даму тарихымен, прокурордың күнделікті міндеттерімен, мемлекеттің құқықтық, әлеуметтік және экономикалық міндеттерін іске асырудағы прокурорлық қадағалаудың рөлімен, оның ішінде қоғам мен мемлекеттегі процестерге оң әсер еткен прокуратураның аса маңызды жетістіктерімен танысты.
Сондай-ақ, студенттерге прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібі, прокуратура органдарында қызметтің беделі мен болашағы, прокуратураның жоғары тұрған органдары мен ведомстволарына дейін кәсіби өсу мүмкіндігі айтылды.

Студенттер көптеген сұрақтар қойып, үлкен қызығушылық танытты. Академия қабырғасында алған білімдерінің арқасында болашақта студенттеріміз жақсы маман болады деп сенеміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.