Жас қаржыгер – 2021- Юный финансист-2021

2021 жылдың 18 ақпанында “Bolashaq” академиясының “Қаржы” кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары, лицейлер, гимназиялар мен колледж түлектері арасында “Жас қаржыгер – 2021” облыстық байқауының екінші турын өткізді..

Байқаудың мақсаттары:

облыстың оқу орындарымен байланыс және жемісті ынтымақтастық орнату жоспарында Академия қызметінің саласын кеңейту;
мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы ретінде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру;
танымдық, зерттеу қызметіне қызығушылықты жандандыру және ынталандыру, жастарға өз идеялары мен ұсыныстарын талдауға және ұсынуға мүмкіндік беру.
Байқауға облыс мектептерінен 20 оқушы қатысты.

Байқау 2 кезеңнен тұрды.

Бірінші тур (сырттай). Байқауға қатысушылар 2021 жылдың 12 ақпанына дейін мемлекеттік немесе орыс тілдерінде “Пандемияның шағын және орта бизнестің дамуына әсері” тақырыбында дайындаған эсселерін ұсынды. Қазылар алқасының құрамына кафедра оқытушылары э.ғ.к., доцент Кадырова Г. А., э. ғ. м., аға оқытушылар Тайлақ Ә. Е., Апеева А. З. кірді.

2021 жылғы 15 ақпанда қазылар алқасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 4 үздік эссені іріктеп алды, олардың авторлары конкурстың екінші турына (онлайн) қатысуға шақырылды.

Екінші тур (онлайн) Skype платформасында 2021 жылдың 18 ақпанында өтті және стартап-жобаларды әзірлеу мен таныстыруды қамтыды. Бірінші тур қорытындысы бойынша іріктеуден өткен 4 қатысушы (Д.А. Фурдзина Д.А., Абай атындағы №4 мектеп – лицей, Рахимбекова А. №1 гимназия, Есқалиева Н.Р., АсылханА., Сәтбаев қ. №16 ЖОМ ) қатысуға шақырылды.

Жеңімпаздардың орындары келесідей бөлінді:

Байқау шарты орындалмағандықтан, байқауға 60 эссе емес, 20 эссе келіп түсті, 1 орынды бермеу туралы шешім қабылданды.

2 – орын Жезқазған қаласының “Абай атындағы №4 мектеп – лицейі” КММ қатысушысы – Фурдзина Дарья Александровнаға берілді, жетекшісі Сулейменов Амирхан Канатбекович. Оған бірінші курста оқу үшін 50% жеңілдік беріледі.

3-орынды Сәтпаев қ. “№16 ЖББОМ” КММ-нен қатысушы Есқалиева Наргиз Рашитқызына бұйырды, жетекшісі Смайлов Қайрат Құлыбекұлы. Оған бірінші курста оқу үшін 25% жеңілдік беріледі.

Байқау нәтижелері сол күні жарияланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.