Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация

Қазақстанда 2021 жылдың 1 ақпанында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.

Профилактикалық егуді жүргізудің мақсаты инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу болып табылады. Иммундау-бұл адамның иммунитетін алатын вакцинаны енгізу арқылы ағзаның белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы иммунитетін қалыптастыру процесі.

Егу жүргізу тәртібі

Науқасқа дәрігер вакцинацияның қажеттілігін түсіндіріп, төмендегіше ақпараттандыруы керек:

  • профилактикалық егу жүргізілетін инфекция туралы,
  • вакцинаның атауы туралы,
  • қарсы көрсеткіштердің болуы және ықтимал жағымсыз реакциялар туралы.

Вакцинациядан бұрын дәрігер науқасты міндетті түрде тексеріп, температурасын, тыныс алу жиілігін, тамыр соғысын өлшейді, оның денсаулығына қатысты шағымдары бар-жоғын біледі. Бұл ретте адамның бұдан бұрынғы вакцинацияға реакция болған-болмағанын, дәрі-дәрмектерге, тамақ өнімдеріне байланысты аллергиясын, созылмалы ауруларын ескереді.

Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда маман жазбаша рұқсат береді, ол медициналық карточкада тіркеледі және профилактикалық егуді жүргізудің міндетті шарты болып табылады.

Вакцинациядан кейін алғашқы 30 минут ішінде сіз медициналық мекемеден шығып кетпей, кабинеттің жанында отыруыңыз керек. Бұл уақыт баланың инъекциядан кейін тынышталуы үшін жеткілікті болады, ал вакцинаға күтпеген реакция болған жағдайда ата-аналар дереу медициналық көмек ала алады.

Вакцинацияға қарсы көрсеткіштер

Профилактикалық егулер адамдарға жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы болмаған кезеңде ғана жүргізіледі. Сондықтан сауығуға, симптомдар жойылғанға, және бастан өткерген аурудан кейін қалпына келтірілгенге дейінгі кезеңге дәрігер иммундау үшін уақытша (ұзақ) қарсы көрсетілім белгілейді. Оның ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, әдетте, бір-үш аймен шектеледі.

Барлық вакциналарға тұрақты қарсы көрсетілім препараттың алдыңғы дозасын енгізудің асқынуы болып табылады. Атап айтқанда, вакцинациядан кейін 24 сағат ішінде дамыған ауыр жедел аллергиялық реакциялар, энцефалит (энцефалопатия), дене температурасының жоғарылауы кезінде балаларда пайда болатын құрысулар.

“Спутник V” – коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында (ҒЗО) жасалды. Бұл вакцина екі компонентті, ол адам аденовирусының векторы негізінде жасалған.

Вакцина тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша клиникаға дейінгі сынақтардың барлық сатыларынан өтті.

Қазақстанда ресейлік вакцина Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндіріледі. Дәлірек айтқанда, Ресейден субстанция жеткізіледі, ал Қазақстанда осы субстанциядан дайын нысан шығарылады. Қазақстандық материалдар мен шикізатты пайдаланады. Фармкоплекс директоры Сергей Баронның айтуынша, “Спутник V”коронавирусына қарсы вакциналардың екі миллион дозасы кезең-кезеңімен шығарылады.

Қазақстандық вакцина QazCovid-in деп аталады. Бұл белсенді емес вакцина, ол 2020 жылдың мамыр айында жасалған. Содан бері ол зертханалық жануарларда: ақ тышқандарда, сириялық атжалмандарда, сасық күзендерде, қояндар, егеуқұйрықтар, ал соңғы кезеңде маймылдарда клиникаға дейінгі сынақтардан өтті.

2020 жылдың қыркүйегінде клиникалық зерттеулер басталды.

Вакцинаны әзірлеумен Қазақстан БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты айналысады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцинация ерікті түрде, егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 77-бабына сәйкес қазақстандықтар профилактикалық вакциналарды алудан бас тартуға құқылы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.