Алғыс хат

Алғыс хат

Мен, Мухтарова Айгерим «Bolashaq» академиясының ПИП-19-2К тобының 1 курс студентімін. Біз «Bolashaq» академиясының студенттері, 24.01.2020 жылы Нұрсұлтан қаласында болып өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 Республикалық олимпиадасына қатысып, «Ыбырай Алтынсарин тағылымдары» атты тақырыпта ғылыми жоба қорғап, жүлделі 1-ші орынды иелендік. Осы байқауға баруға себепкер болған, қаржы жағынан қолдаған «Bolashaq» Академиясына үлкен алғысымды білдіремін!

Сонымен қатар, бізді осы байқауға дайындаған, ғылыми жетекшіміз профессор Акпарова Жанна Муслимовнаға үлкен алғыс білдіреміз! Сол кісінің арқасында, біз осындай жетістікке жеттік деп ойлаймын. Республикалық деңгейде болғандықтан, бұл жоба көп еңбекті талап етті. Бар білгенін аямай, осы байқауға бізді барлық жағынан дайындаған, әрқайсымыздың еркелігімізді көтере білген жетекшімізге алғысым шексіз.

Бұл Олимпиададан алған әсерім ерекше болды, дайындық кезінде білмейтін нәрсем көп екенін түсініп, білімімді толықтыра түстім.

Осындай шараларға қатысуға көп мүмкіндіктер беретін «Bolashaq» Академиясына тағы да алғысымды білдіремін!