Жыл спортшысы-2020: онлайн байқау қорытындысы

2021 жыл “Bolashaq” академиясының студенттері үшін жақсы жаңалықтардан басталды. Бұған “Жыл спортшысы – 2020” онлайн фото байқауының қатысушы студенттерін марапаттау себеп болды.

Ағымдағы жылдың 8-15 қаңтар аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет аталған байқауды ұйымдастырды.

Қатысуға 30-дан астам ниет білдірушілер болды. Іріктеу турынан кейін Instagram әлеуметтік желісінің бетіне 9 қатысушы шығарылды.

Байқаудың финалына қатысушылар:

  1. Ашуров Сардор, Фм-20-1 тобы-Таэквондо;
  2. Мироненко Анастасия, Фм-17-1 тобы-спорттық бал билері;
  3. Уәлиев Ерасыл, Ю-17-2 – аралас жекпе-жек;
  4. Үсейінбекқызы Әйгерім, Фм-17-2 – Киокушинкай каратэ;
  5. Жарылғасынов Ерсұлтан, Фм-18-2 – Дойбы;
  6. Кусаинова Жанеля, Ин-19-2 – Джиу-джитсу;
  7. Сұлтанов Сардор, Фм-20-1 – Дзюдо;
  8. Бекназаров Отажон, Фм-20-2 – Футбол;
  9. Бобокулов Зоир, Фм-19-2 – Каратэ.

Байқау ережелері бойынша жиналған лайктардың көмегімен 1, 2, 3 орындар және басты олжа – “Жыл спортшысы-2020” атағы анықталады.
Барлық қатысушыларды қолдау үшін апта бойы студенттер, қатысушылардың туыстары мен жақындары дауыс беруге қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 600 лайк жинап, джиу джитсудан спорт шеберіне үміткер, Баку қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ин-19-2 тобының студенті Кусаинова Жанеля ІІІ орынға ие болды.

Академияның белсенді студенті, дойбыдан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Фм-18-2 тобының студенті Жарылғасынов Ерсұлтан 694 лайк жинап, екінші орынға шықты.

Киокушинкай каратэдан ҚР бес дүркін чемпионы, ӘЧ 2 дүркін жүлдегері, қара белбеу 1 дан, Фм-17-2 тобының студенті Үсейінбекқызы Әйгерім 834 лайк жинап, “Жыл спортшысы-2020” атағының алғашқы иегері болды.

Қазылар алқасының пікірі бойынша “Көрермендер көзайымы жүлдесі” номинациясы бал билерінен спорт шеберіне үміткер, Қостанай облысының чемпионы, ФМ-17-1 тобының студенті Анастасия Мироненкоға бұйырды.

“Жылдың ең нәтижелі спортшысы” Фм-20-1 тобының студенті, дзюдошы Сұлтанов Сардор болды.

Академия ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы барлық жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстап, құрмет грамотасымен марапаттады.

ЖІК төрағасы Мейірбек Байшағыров

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.