Біздің оқытушылардың РОӘК ОӘБ қатысу

2021 жылдың 12 қаңтарында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ХТУ базасында “Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау”, “Тілдер және әдебиет” білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РОӘК ОӘБ) оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы талқылау тақырыбы ЖБП циклі бойынша “Шет тілдерін оқытудың негіздемелік нәтижелерін талқылау” болды. Өткізу форматы – онлайн, әрбір мүдделі тұлғаға оқытушыға немесе магистрантқа отырысқа қатысуға мүмкіндік береді.

Соңғы отырысқа ЖБП кафедрасының аға оқытушылары Григорчук И.Ю. және Сеитова Л. А. қатысты.

ЖОО өкілдері өз ұсыныстарымен шығу мүмкіндігін пайдаланды. Талқылау екі сағатқа созылды, нәтижесінде B1 және B2, екі деңгей бойынша оқыту нәтижелері қалыптасты.

Талқылаудан кейін барлық қатысушылар Қазақстан-Америка еркін университеті Шет тілдер кафедрасының доценті А.А.Осколкованың Effective English Teaching Skills: TV Shows and ELT тақырыбындағы баяндамасын тыңдады.

РОӘК отырыстары айына бір рет өткізіледі. Отырысқа барлық тілек білдірушілер шақырылады.

РОӘК мүшесі Шет тілдер және МК кафедрасының профессоры Ибраева Баян Мукушевна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.