2020 жылдың 28 ақпанында Нұр-сұлтан қаласында Оқушылар сарайында “ЖОО-ның үздік оқытушысы-2019” грант тапсыру рәсімі өтті.

Бұл рәсімге фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті М. Ю. Ишмуратова қатысып, кәсіби қабілеттерін дамыту, шетелде біліктілігін арттыру және рейтингтік басылымдарда мақалалар жариялау үшін грант алды.
Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Р. А. Биғари төсбелгілер мен сертификаттарды табыс етті.

Маргарита Юлаевнаны лайықты марапатпен құттықтаймыз!
Марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концерт өтті. Оқушылар сарайында сурет галереясына экскурсия өткізілді.
