«18 қазан- Рухани келісім күні» атты ашық кураторлық сағат

2023-жылдың 18-ші қазанында құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушы Г.К. Отыншиева Ю-23-2 тобы студенттерімен  «Рухани келісім күніне» орай «18 қазан- Рухани келісім күні» атты ашық кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық модулі, Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру болып табылды.

Г.К. Отыншиева студенттерге Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеуіне тоқталды.

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экомикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген.

Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама. 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.