Жас көшбасшылардың халықаралық саммиті

Қарағанды экономикалық университетінде 26 және 27 қыркүйек күндері “қазіргі заманғы ЖОО-ны басқаруға студент жастардың қатысуы”атты студенттік көшбасшылардың халықаралық саммитінің жұмысы өтті.

Саммит «Жастар жылы» және “Рухани жаңғыру”бағдарламалары аясында Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп өткізілді. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сондай-ақ Ресей, Украина, Тәжікстан және Моңғолиядан келген студенттер қатысты.
“Bolashaq” Академиясының студенттері де белсенді қатысты.

Саммиттің мақсаты — студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту саласындағы жастар көшбасшыларының іс-тәжірибесімен алмасу.

Екі күн ішінде қатысушылар үшін “Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру”, “Бір команда-жетістік кепілі” және “басқарудағы ситуациялық көшбасшылық” тақырыптары бойынша мастер-класстар, семинар – тренингтер, “Қазақстандағы университеттік автономия жағдайында студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту” тақырыбында дөңгелек үстел, сұхбат және пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.

27 қыркүйекте ҚЭУ студенттер Мәдениет сарайында жастар көшбасшыларының халықаралық саммиті аяқталды. Концерт пен қатысушыларға сертификаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
Аталған іс-шара БАҚ-та кеңінен көрініс тапты:

  1. http://inkaraganda.kz/news/155122
  2. https://ehonews.kz/studencheskih-liderov-sobrali-v-karagande-dlya-obsuzhdeniya-razvitiya-samoupravleniya-v-vuzah/
  3. https://newtimes.kz/eshche/regiony/97676-v-karagande-prokhodit-mezhdunarodnyj-sammit-studencheskikh-liderov
  4. https://www.kt.kz/rus/society/v_karagande_prohodit_mezhdunarodnyy_sammit_studencheskih_1377889507.html
  5. https://www.inform.kz/ru/v-karagande-prohodit-mezhdunarodnyy-sammit-studencheskih-liderov_a3569642
  6. http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=89222
  7. https://karaganda-region.gov.kz/ru/news/id/28050
  8. https://gurk.kz/news/v-karagande-prohodit-mezhdunarodny-j-sammit-studencheskih-liderov

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.