Президенттің Қазақстан хылқына жолдауы хақында

2019 жылдың 27-28 қыркүйегінде “Bolashaq” академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Е. Серімов Ұлытау ауданына барды.
Сапардың мақсаты – Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі “Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру.

Кездесу барысында Е. Е. Серімов Жолдаудың басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті.

Жаңа Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, әлеуметтік жаңғыртудың, өңірлерді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған.

Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдар халықпен тиімді кері байланыс жасау, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту жөнінде үлкен міндеттер қойып отырғанын атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.