Бала ақын: Оразгалиев Шамсулла Сарович
Менің әкем, гвардия капитаны Оразғалиев ШАМСУЛЛА САРҰЛЫ С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетін бітіргеннен кейін 1940 жылы 20 тамызда Кеңес Армиясының қатарына шақырылды, онда ол 1945 жылдың тамызына дейін қызмет етті. Ұлы Отан соғысы басталғанда (1941 жылдың 22 маусымы) ол Беларуссияның Осиповичи қаласында болды.Оның әскери бөлімі (Батыс майданы) ауыр шайқастармен Мәскеуге шегінді, 1941 жылы қарашада Можайскіде астананың қорғанысында болды. Содан кейін ол Нарофоминскге (Мәскеуден шамамен 20 км) резервтік бөлімге ауыстырылды.
Ш.С. Оразғалиевті РСФСР Жоғарғы Кеңесі [Кремль курсанттары уақытша Қазанда орналасқан] жоғары жалпы әскери командалық училищеге даярлауға жіберді.
Жас жаяу әскер офицері Курск доғасында соғысқан. II Украина майданының құрамында оның бөлімі төрт рет Харьковті (Харьков шайқасы алты айдан астам уақытқа созылды) алады, Украинаны (Яссы, Корсун-Шевченков операциясы), Венгрияны, Румынияны, Чехословакияны азат етуге қатысады. Гвардия капитаны ауыр жарақат алғаннан кейін терең тылға эвакуацияланды [соғыстың төрт жылында ол 22 жарақат алды; 1944 жылы наурызда Оңтүстік Буг өзенінен өту кезінде Ш.С. Оразғалиев басқарған бөлімше бір апта бойы басқа жағалауды ұстап тұрады, өз әскерлерінен бөлініп тамақсыз қалады, қиыншылық жағдайда қалып ауыр жарақат алса да командир күресті жалғастыра береді, плацдармнан айрылмайды. Аға лейтенант Оразғалиев Ш.С. ерлігі мен табандылығы үшін Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ұсынылды, бірақ фашистердің кезекті қарсы шабуылы кезінде штабта жауға ешқандай мәлімет түспеуі үшін құжаттарды, оның ішінде Батыр Жұлдызы атағына ұсынылған құжатты өртеп жіберуіне тура келеді; кейіннен барлық куәгерлер қаза тапты]. 1942 жылы майданда Кеңес Одағы Коммунистік партиясының мүшесі болды.
“№ 107-37 144″ марапаттау қағазынан үзінді: ” 1944 жылы 5 желтоқсанда Леринци ауылы мен 241 (Венгрия) биіктігінде жаудың қорғанысы бұзылған кезде Оразғалиев қолбасшылықтан қарсыластың терең эшелондалған қорғанысынан өту тапсырмасын алды. Біздің бөлімдеріміз артиллериялық әзірлік өткізгенннен кейін Оразғалиев сарбаздарды шабуылға алып келді. Оның тобы бірінші болып жаудың траншеяларының бірінші шегіне кірді, осы жерде олардың жаумен қоян-қолтық ұрысы басталды. Оразғалиев гранатамен жаудың 2 орнықты оқшашарын, 1 қол оқшашарын және 20 солдаты мен офицерін жойды. 1944 жылы 7 желтоқсанда Палоташ (Венгрия) ауылы үшін ұрыста Оразғалиев жолдастың ротасы бірінші болып ауылға кірді, жауды Палоташ елді мекенінен тықсыра қуып, оған шығын келтірді: 137м/м зеңбіректі жойды, 1 орнықты оқшашарды істен шығарды және 4 неміс солдатын тұтқынға алды.
“Александр Невский” орденімен марапаттауға лайық
Кутузов полкінің 233-гвардиялық Қызыл Тулы атқыштар орденінің командирі
Гвардия майоры Ворон А.
“1944 жылғы “12 ” желтоқсан”.
Командирлерге берілетін ең жоғары” Александр Невский ” орденінің орнына” Қызыл Жұлдыз” орденімен марапатталды.
Гвардия капитаны Оразғалиев Ш.С. жауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны және осы ретте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін “Қызыл Жұлдыз” орденімен, І дәрежелі “Отан соғысы” екі орденімен, сондай-ақ “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталды, Дунай өзеніндегі үдерісті тездету еңбегі үшін Бас қолбасшының атынан алғыс айтылды. 9 мамыр Жеңіс күнін Бакуде, госпитальда қарсы алды, оны әскери қызметке жарамсыз деп таныған дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша 1945 жылдың шілдесінде запасқа шығарылды. Бейбіт уақытта соғысқа қатысушы “КСРО Қарулы Күштеріне елу жыл”, “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске ХХХ жыл” және т. б. медальдардың кавалері болды.
Майдангер Павлодар облысына, үйіне оралды, Подстепка ауылындағы Подстепка орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді, 1947 жылдың қаңтарынан 1949 жылдың ақпанына дейін туған колхозында партия ұйымының хатшысы болды. 1949 жылы 26 ақпанда Павлодар облысы, Каганово ауданы, Ленин кенті (кейін Ермак ауданы деп аталды) орта мектебінің директоры болып тағайындалып, отбасымен бірге көшіп, химиядан сабақ берді. Бұл лауазымда ол 1956 жылдың тамызына дейін болды, содан кейін екі жыл қарапайым мұғалім болып қызмет етті.
1958 ж.қарашада Ш.С. Оразғалиев ҚазКСР ҒА Қарағанды химия-металлургия институтына конкурс бойынша өтті, онда кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1963 жылдың тамыз айында 1972 жылы мемлекеттік университет болып қайта құрылған Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтына ауысып бейорганикалық химия кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарды. Ол студенттердің педагогикалық практикасын басқарды, ұжымда құрметке ие болды, алғыс алды. “Әлеуметтік жарыстың жеңімпазы” белгісімен марапатталды, “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.
Шамсулла Сарович жақсы отағасы болған, төрт баланы тәрбиелеген, бес жиенін аяғына тұрғызуға көмектесіп, мүмкіндігінше үлкен ағасына материалдық қолдау көрсеткен, әнді де жақсы айтқан (халықта оны жастайынан “бала ақын” деп атаған), домбыра, мандолина, гармонда ойнап, ән салушыларды сүйемелдеген, жастық шағында вальс, тангоны да жақсы билеген екен.
Әкем 1975 жылы 1 қарашада қайтыс болды.
Батырдың қызы Оразғалиева Гүлфарида Шамсулқызы