2020 жылдың 13 наурызы «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы Дәстүрлі «Жас филолог-2020» байқауын Қарағанды облысы Білім басқармасы мен бірлесіп өткізді. «Жас филолог – 2020» олимпиадасы Хакім Абайдың 175 жылдығына арналды. Олимпиада 3 кезең бойынша өтті.
«Жас филолог – 2020» олимпиадасының мақсаты Абай өлеңдері мен қара сөздерін жастар арасында сөз өнерін насихаттау, көркемсөз өнеріне шыңдау, мамандық таңдауға ықпал ету.
Сайыс екi кезең бойынша өтті.
Бірінші кезең-Абайдың қара сөздері мен поэзиясына негізделген эссе жазу болса, екінші кезең- көркемсөз оқу шеберлігі. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан жатқа үзінді оқу, Абайдың қара сөздері мен поэзиясын жатқа оқу негізінде өткізілді.
Аталмыш олимпиадаға облысымыздың әр аймағынан 31 өтінім түсіп, соның барлығы іріктеу кезеңіне қатысты. Олимпиада ережесіне сәйкес Абайдың қара сөздері мен поэзиясына негізделген эссе жазу кезеңінде оқушылар теориялық білімдерін сынап, ұлы ақынның шығармашылығынан эссе жазды. Екінші кезеңге 9 қатысушы іріктеліп алынды. Екінші кезеңде М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан жатқа үзінді оқу және Абайдың қара сөздері мен поэзиясын жатқа оқу сайысы бойынша өткізілді.
Жанаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы Ахмедия Нұрбибі 1 жылдық ректордың грантын жеңіп алса,
Жанаарқа ауданы, Ақтүбек ауылы, Ақтүбек ЖОББ мектепбінің 11 сынып оқушысы Берік Гүлдана 1 жылдық оқудың төлем ақысына – 50 % жеңілдікті иеленді, ал Қарағанды қаласы М. Жұмабаев атындағы №39 мектеп- гимназиясының 11 сынып оқушысы Совет Тұмар 1 жылдық оқудың төлем ақысына – 25 % жеңілдікке ие болды.
Олимпиада өте жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар арнайы алғысхаттар марапатталса, олардың жетекшілері мен мектеп басшылығына Академия атынан алғысхаттар берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы қазіргі танда ұлтқа қызмет ететін мамандықтар қатарында. Көркем сөзбен руханиятты көксеген жастар осы білім беру бағдарламасын таңдайды. «Bolashaq» академиясы абитуренттерді Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасына шақырады.