Жұлдызбен жүздесу: Өмірқұл Айниязов

«Bolashaq» академиясының жиын залында ақпанның 20 жұлдызында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттер Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, қазақ эстрадасының жұлдызы Өмірқұл Өтегенұлы Айниязовпен арнайы кездесті.

«Жұлдызбен жүздесу» жобасының қонағы, Сыр елінің тумасы сұхбат барысында студенттердің қызықты сұрақтарына жауап берді. Өнер иесі қазақ эстрадасына қалай келгенін, киелі сахнада кейбір әріптестеріне көңілі толмайтынын, қазіргі жастардың жыр-терме, патриотттық, әрі дәстүрлі әндерге деген көзқарасы жайлы ашық әңгіме жүргізді.

Сөз соңында Аралдың суын ішіп, дариясының дәмін татқан әнші қазақтың қасиетті қоңыр домбырасымен ән салып, «Байтақ елім» әнін тыңдарманға тарту етті.

Студенттерге өзінің ақыл-кеңесін айтып, жылы лебізін білдірген Жетісу өңірінен келген мейманға Академия ректоры, профессор Құралбай Несіпбекұлы өз алғысын білдіріп, басына сері бөрік, үстіне хан шапан жапты.

Естелікке фотоға түскен оқытушылар мен студенттерді Өмірқұл Айниязов Қарағанды шахарында өтетін өзінің ән кешіне шақырды.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек БАЙШАГИРОВ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.