Зерттеу мен білімнің тамаша үйлесімі

2022 жылғы 9 желтоқсанда Академиямыздың студенттері “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған инновациялық даму және орнықты даму мақсаттарын іске асыру жағдайындағы ғылым мен білімнің интеграциясы” тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысты.

Конференция ZOOM қосымшасы арқылы келесі сілтеме бойынша өтті: https://zoom.us/

Пленарлық отырыс пен : “Құқықтық зерттеулердің қазіргі заманғы үрдістері: жетілдіру мәселелері мен іске асыру перспективалары” тақырыбындағы 1-секция жұмысына : Ю-21-1 тобының студенттері З.А. Гартман, К А. Гиберт, А. К. Оразкенов, ИП. Хинцицкий (ғылыми жетекшісі құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының аға оқытушысы А. К. Ахметова), ғылыми жұмыс және халықаралық бірлестік жөніндегі проректор Г.А. Кадырова және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Р.Н. Исмайлова қатысты.

Біздің студенттер өзекті болып табылатын “Қылмыстық жауапкершіліктен босату” тақырыбында қызықты баяндамалар жасады.

Баяндамалар ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылды.

Гартман З.А. «SOME LEGAL ISSUES OF SPECIAL EXEMPTION FROM CRIMINAL LIABILITY» тақырыбындағы баяндама (“Қылмыстық жауапкершіліктен арнайы босатудың кейбір құқықтық мәселелері”). Ғылыми жетекшісі Ахметова А.К.
Гиберт К. А. “Қылмыстық жауапкершіліктен босату институтын іске асырудың кейбір мәселелері”тақырыбындағы баяндама. Ғылыми жетекшісі Ахметова А.К.
Оразкенов А.К., “Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы туралы” тақырыбындағы баяндама. Ғылыми жетекшісі Ахметова А.К.
Хинцицкий И.П., “Экономикалық қызмет саласында жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатудың кейбір мәселелері туралы” тақырыбындағы баяндама. Ғылыми жетекшісі Ахметова А.К.

Мақалалар жазу кезінде студенттер ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәнін оқу кезінде алған білімдерін қолданды, лектор – профессор Қабжанов А.Т. болды. Студенттер қылмыстық істердің материалдарымен танысты, қылмыстық жауаптылықтан босату практикасы бойынша деректерді жинақтады. Академияның бай кітапхана қорында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, осы тақырып бойынша еңбектермен танысты.

Конференция бағдарламасы https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2022/12/09.12.22..docx

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.