Заң пәндері кафедрасында жаңа кітаптарды талқылау

2020 жылдың 26 қазанында Заң пәндері кафедрасында “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша жаңа кітаптардың талқылауы болып өтті. Аталған іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Келесі кітаптар талқыланды:

1. Эндрюс H. Азаматтық ic жүргізу: Coт өндірісі. 1-2 том: Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық коры, 2020.

2. Бартлетт Стив, Бертон Диана. Білім берудегі зерттеулер. Kiріспе. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдык коры, 2020.

3. Гарман Е.Томас, Форг Е.Рэймонд. Жеке қаражат. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.

4. О’Лири Зина. Зерттеу жобасын жүргізу: негізгі нүсқаулық. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры. – 2020.

5. Бентли Л., Шерман Б., Ганжи Д., Джонсон Ф. Интеллектуалдық меншік қүқығы. 1,2,3 том. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2020.

6. Эндрюс Н. Келісімшарт ережелері: Ағылшын құқығына түсініктеме. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдык қоры, 2020.

7. Маккиннон Б., Фиала Э. Этика: Теориясы мен қазіргі мәселелсрі. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.

Бұл кітаптарды кафедраның ПОҚ -ы зерделеді, оны оқу жұмыс бағдарламаларына қосу мүмкіндіктері талқыланды.

Кафедра меңгерушісі оқытушылардың осы оқулықтарды оқып-үйренуінің маңыздылығын атап өтті.

Кафедра ПОҚ – ның қорытындысы бойынша кітапханадағы жаңалықтарды талқылау тәжірибесі туралы ұсыныстар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.