«Ғылыми стильдің ерекшелігі және меңгерту амалдары» тақырыбындағы семинар

2022 ж. 29 қарашада Ресурстық тіл орталығының мамандары “Қасым үйінде” «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Ғылыми стильдің ерекшелігі және меңгерту амалдары» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты -жастарға ғылыми стильдің ерекшелігін таныстыра отырып, аталған стильде мақала, дипломдық жұмыс, оқу құралдарын сауатты жазуға үйрету және баулу.

Семинарға алдын-ала арнайы сұраныс білдірген «6505» әскери бөлімінің тілге жауапты маманы, жоғары оқу орындарының 4 курс студенттері қатыстырылды.


Дәрістен басталған шараның екінші бөлігі, практикалық тапсырмаларға ұласты. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, ғылыми мәтіндердегі маңызды жайттарға көңіл аударылды.

Өз кезегінде Ресурстық тіл орталығы мамандары мен «Bolashaq» академиясы “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері тақырыпқа байланысты  пікірлерін білдірді.

 Шара соңында қатысушылар, оның ішінде «Bolashaq» академиясы “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының К-19 тобының студенттері Жолтай Айболған, Қартабаева Гүлнұр, және К-21 тобының студенттері Саликова Мадина, Айтбек Дильназ алғыс хат пен сертификаттарға ие болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.