2022 жылғы 22 қазанда педагогика кафедрасының эдвайзерлері С.Р. Шутенова, А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің ПиП мамандығының студенттерімен “Құқықтық жалпы оқыту” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Ашық кураторлық сағатқа әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Исмайлова Райхан Налжигитовна қатысты.
Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру болды.
Кураторлық сағат барысында Қазақстан Республикасының құқықтары мен заңдарын білу мен сақтаудың маңыздылығы талқыланды, азаматтардың құқық пен заңға деген құрметтілік сезімін тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.
Студенттермен әңгімелесу барысында келесі сұрақтар қолданылды:
Азаматтардың қоғамда және бір-бірінің алдында қандай міндеттері бар?
Қазір біз “құқықтық мемлекет”, “азаматтық қоғам”деген сөздерді жиі естиміз. Бұл не екенін қалай түсінесіз?