Дуальды оқыту-студенттерді практикалық даярлаудың негізі

Оқытудың дуальды формасы, дәстүрлі сияқты, болашақ мамандарды тек оқу орнында ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің ұйымдарында өтетін нақты қызметке дайындаумен сипатталады. Диплом алғаннан кейін болашақ маман сол өндірісте тұрақты негізде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады. Дуальды білім берудің негізгі мақсаты-техникалық және кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың практикалық қызметке тезірек бейімделуі, барлық қажетті дағдылар мен біліктілікке ие болуы.

“Педагогика” кафедрасында өткен оқу жылынан бастап 6В01301 – “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша дуальды оқыту нысаны енгізілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері мектеп базасында практикалық сабақтардан өтеді және базасында кафедра филиалы жұмыс істейтін Қарағанды қаласының “№ 23 жалпы білім беретін мектеп” КММ жетекші мұғалімдерінен тәжірибе жинайды.

Мектеп базасында кафедраның аға оқытушылары Сарбасова К.А., Жапанова Р.Н., Арунова Ж. А. ПМНО-20-2 тобымен “Бастауыш мектепте сауаттылық пен жазуды оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі” пәндері бойынша дәріс сабақтарын өткізеді. Өз кезегінде мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Қалдыбаева Баян Ибишқызы, Лаптева Гулайым Капаровна және Зейтова Гүлназия Сабидуллақызы осы пәндер бойынша семинарлар өткізеді.

Студенттердің пікірінше, оқытудың бұл түрі мектеп базасымен және бастауыш сынып мұғалімінің жұмыс ерекшеліктерімен өте жақсы және толық танысуға, тәжірибе алуға, сондай-ақ осы мектепке жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

“№23 жалпы білім беретін мектеп” КММ директорының ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасары Әсем Кенжебайқызы Қошкимбаева оқытудың дуалды нысаны жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

“Bolashaq” академиясы мен № 23 ЖББМ өзара іс-қимыл шеңберінде практик-мұғалімдер үздіксіз педагогикалық практиканың жетекшілері, студенттердің дипломдық жұмыстарының рецензенттері мен жетекшілері, ғылыми зерттеулермен байланысты эксперименттік алаңдардың жетекшілері ретінде әрекет етеді. Өз кезегінде педагогика кафедрасының оқытушылары мектептерге ғылыми мақалалар, түрлі оқулықтар, әдістемелік ұсынымдар және т.б. жазуға қатысты әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ ғылымдағы жаңа үрдістер бойынша семинарлар өткізеді.

Ынтымақтастықтың бұл түрі кадрларды даярлау жүйесін жақсартып қана қоймай, мұғалімдер мен оқытушыларға “теория” мен “практиктер”арасында коммуникацияның жаңа түрін құруға мүмкіндік береді.

“№23 ЖББМ ” КММ филиалының жұмысына жауапты Қ.А. Сарбасова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.