
Ғылым мен білім беруді қолдау, үздік инновациялық идеяларды айқындау мақсатында және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығын мерекелеу құрметіне «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі халықаралық ұйымы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге арналған «ТМД – ның үздік педагогы-2023″ халықаралық конкурсын ұйымдастырды.»ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2023» жинағына ТМД-НЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ кіреді.
Байқау қорытындысы бойынша, 2023 жылғы 26 мамырда Астана қаласында «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» атты VІІІ халықаралық конференция өтті және «ТМД үздік педагогы», «ТМД Үздік жас ғалымы»атты халықаралық кітап топтамасының тұсаукесері ұйымдастырылды.
2 дәрежелі дипломдармен және «ТМД үздік педагогы» медалімен «Bolashaq» Академиясының оқытушылары, фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Болдыш Светлана Камашевна және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Сабира Сартайқызы Шутенова марапатталды .
Сонымен қатар, жобаның қорытындысы бойынша №759-06/2019k «Бөбек «Жалпыұлттық қозғалысы» (Астана қ., Қазақстан), Ресейдің ғылыми дәйексөз индексімен (РҒДИ) (Мәскеу қ., Ресей) жасалған шарт шеңберінде мерзімді емес басылымдарды орналастыруға eLIBRARY.RU (https://elibrary.ru) ғылыми электрондық кітапхана сайтында метадеректерді орналастыру жоспарлануда.



